1992 жылы туған. 15 жастан жеңіл атлетика спорт түрімен айналыса бастады.

Қазақстанның 3 шақырым қашықтығы бойынша жеңіл атлетика чемпионы.

Халықаралық «Азия балалары» турнирінің 3 шақырым бойынша чемпионы.

18 жастан – қазіргі бессайыс.

Қазіргі бессайыс бойынша халықаралық деңгейлі спорт шебері, Қазақстан чемпионы, юниорлық әлем чемпионаттарының финалисті, Польшадағы юниорлық чемпионаттың микс эстафетасының күміс жүлдегері.

Эстафета бағдарламасындағы Азия чемпионы, жеке сынақтағы күміс жүлдегері.

2011 жылғы Қазақстан чемпионы, 2011 жылғы Чэндудегі (Қытай) Азия чемпионатының эстафетасында күміс жүлдегер атанды, 2010 жылғы Секешфехервардегі (Венгрия) юниорлық әлем чемпионатының қатысушысы, 2007 жылғы Мэнсфилдегі (Англия) халықаралық турнирінің қатысушысы.