Вадим Чудновский, ҚР қазіргі бессайыс бойынша бас тренері

1958 жылы Мәскеу облысы Электроугли қаласында дүниеге келді.

Ресейдің еңбек сіңірген тренері, Башқұртстан Республикасының үздік тренері,  Башқұртстан Республикасының дене шынықтыру бойынша еңбек сіңірген жұмыскері. Қазіргі бессайыста 30-дан астам жыл еңбек етеді.

Қызмет жолы:

1980 ж. – Башқұртстан Республикасындағы Қазіргі бессайыс мектебінің тренері;

1986-2009 жж. - Башқұртстан Республикасындағы Қазіргі бессайыс олимпиадалық резерві мектебінің бас тренері, Башқұртстан Республикасы Ұлттық командасының бас тренері;

2010 жылдан Қазақстан Республикасының қазіргі бессайыс бойынша бас тренері.

Үздік жетістіктері:

1985 – Сергей Петров, Ресей халықтары спартакиадасының чемпионы. 1987 – Ильшат Хакимов, Ресей чемпионы атанады. 1989-1990 жылдары Еуропа чемпионы, эстафетадағы Әлем чемпионы, екі Олимпиада қатысушысы Евдокия Гречишникованың тренері болады (ол Мәскеуге көшуден бұрын). 1987 жылдан – қазіргі уақытқа дейін Рустем Сабирхузиннің тренері – 2003 жылғы Әлем кубогының жеңімпазы, екі қайтара Әлем чемпионы (2003, 2005 жж.), Ресей командасының құрамында екі қайтара Еуропа чемпионы, 2003 жылғы жеке сынақтағы ІІІ орын, 2007 жылғы жеке сынақтағы ІІ орын, Афина Олимпиадасындағы 10 орын, Лондон Олимпиадасындағы 21 орын иегері. 2005 жылдан – қазіргі уақытқа дейін 2011 жылғы юниорлар арасындағы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Лондон Олимпиадасында 29 орын алған Павел Ильяшенконың тренері ребінде еңбек жасайды.