Бессайыс бойынша А. Иманов атындағы халықаралық турнирде әйелдер арасындағы жеңімпаздар анықталды.

Бірінші орынды 4808 ұпай жинаған Арина Джиенбаланова иеленді. Екінші нәтиже Ксения Александрованың еншісінде, оның ұпайы – 4712. Қола медаль – 4596 ұпай жинаған Анна Шондинаның үлесінде.

Алматы облысында өтіп жатқан турнирге сондай-ақ Қырғызстан және Оңтүстік Кореяның командалары қатысып жатқандығын естеріңізге саламыз. Осы жарыстың ұйымдастырушысы – ҚР Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі агенттігі мен ШҰҚжСРД болып табылады.

Бүгін ерлер арасындағы медаль үшін күрес басталады.