2013 жылғы 18-24 ақпан аралығында АҚШ, Калифорния штатында ерлер арасында қазіргі бессайыс бойынша Әлем кубогының алғашқы кезеңі өтеді. Жарысқа 30 елдің жүзден астам спортшылары қатысады.

Ерлер арасында Қазақстандық қазіргі бессайыс федерациясының ұлттық құрамасының намысын елдің ең мықты спортшыларының бірі - Павел Ильяшенко, Андрей Солдатов, Дмитрий Кошельник қорғайды. Біздің спортшыларға шын жүректен сәттілік пен жоғары көрсеткіштерге жетулеріне тілектеспіз!

 

ҚҚБФ баспасөз қызметі