Наурызда бессайысшылар 2012 жылғы жаңа Олимпиадалық маусымын бастайды, мұнда ең мықты бессайысшылар рейтинг арқылы олимпиада лицензиясын алу үшін алты рейтингтік жарыстарға қатысатын болады.

Наурызда бессайысшылар 2012 жылдың жаңа олимпиадалық маусымын бастамақшы, мұнда ең мықты бессайысшылар рейтинг арқылы олимпиада лицензиясын алу үшін алты рейтингтік жарыстарға қатысатын болады. Бұлар – Әлем кубогының 4 кезеңі: Әлем кубогының І кезеңі 6-12-наурыз Шарлотта (АҚШ, Солтүстік Каролина), ІІ кезеңі 14-20 наурызда Рио-де-Жанейрода (Бразилия) өтеді.

Қазақстанның ерлер құрама командасы (құрамында Сабирхузин 

Рустем, Ильяшенко Павел және Солдатов Андрей) АҚШ-тағы Колорадо Спринкс қаласындағы Құрама командаларды дайындаудың олимпиадалық орталығында бірлескен оқу-жаттықтыру жиындарындағы дайындықтың соңғы кезеңінен өтуде.

Айтып өтетін жайт, жаттықтыру лагерінде (оны осылай американдықтар атайды) спортшалырдың рекордтық саны жиналды: 15 елден 70 атлет. Шарлотадағы ӘКК-нің бірінші кезеңінде 40-тан астам елден келген 100 ерлер және 70 әйелдер өзінің қатысуға өтінімін растады. Бұл да рекордтық сан болып саналады.