Қазіргі бессайыс бойынша Қазақстан құрамасының көшбасшысы Павел Ильяшенко өткен демалыста Рио-де-Жанейро қаласында аяқталған Әлем кубогының екінші кезеңінен оралып, бірден Қазақстан-2013 Ашық қысқы чемпионатын ұтты.

Биылғы жылы елдің қысқы чемпионаты алдынғы жылғы чемпионаттарға қарағанда көрнекті болды. Оңтүстік астанаға тек Қырғыз Республикасы мен Украинадан ғана емес, сонымен қатар бұрын мұндай жарыстарға қатыспаған Қазақстан аймақтарының (Тараз, Ақтөбе) бессайысшылары да қатысты.

Жарыстардың бес түрінен кейін Ильяшенко 5872 ұпай жинады. Оның жинаған ұпайлары Андрей Солдатов (5868) және үшінші орын алған украиндық Павел Кирпулянскийді (5712) озуға мүмкіндік берді. Айтып өтерлік жайт, біздің құрамамыздың ең тәжірибелі спортшысы Рүстем Сабирхузин (5640) тек төртінші орынға ие болды. Командалық жарыстарда Ильяшенко, Солдатов пен Сабирхузин (17380) анық жеңіске жетті, олардан кейін Ершов, Соболев және Кошельник (16700) жастар құрамасы мәреге жетіп, үшінші болып қырғыз бессайысшылары (16236) келді.

Әйелдер арасында 2012 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері Арина Джиенбалановаға (5348) теңесерлік спортшы болмады. Ксения Александрова екінші орынға ие болды (5036), қола жүлдегер болып Дарья Хальзова (4984) атанды. Алматыға алғаш келген қырғыз бессайысшы қыздар жергілікті спортшы қыздарға теңесе алмады. Юниорлар мен бозбалалардың нәтижелері төменде көрсетілген.

Бұдан кейін отандық бессайысшылар 17-21 сәуір аралығында Әлем кубогының үшінші кезеңі өтетін Чэндуға (Қытай) аттанады. Онда Ильяшенко, Солдатов, Зимарев, Александрова мен Джиенбаланованың қатысуы жоспарлануда.

Юниорлар (1992)

орын

спортшы

ел

қала

ұпайлар

1

Иван ЕРШОВ

KAZ

Алматы

5620

2

Дмитрий КОШЕЛЬНИК

KAZ

Алматы

5564

3

Герман СОБОЛЕВ

KAZ

Алматы

5516

 

Командалық жарыстар (юниорлар)

орын

команда

ұпайлар

1

Қазақстан-1

16700

2

Қазақстан-2

14968

3

Қырғыз Республикасы

11816

 

 

Юниор қыздар

орын

спортшы

ел

қала

ұпайлар

1

Арина ДЖИЕНБАЛАНОВА

KAZ

Алматы

5348

2

Дарья ХАЛЬЗОВА

KAZ

Алматы

4984

3

Енлик ШАРИП

KAZ

Алматы

4916

 

Бозбалалар (1994)

орын

спортшы

ел

қала

ұпайлар

1

Денис ТЮРИН

KAZ

Алматы

5424

2

Игорь СОЗИНОВ

KAZ

Алматы

5204

3

Павел КОТКОВ

KAZ

Алматы

3948

 

Командалық жарыстар (бозбалалар)

орын

команда

ұпайлар

1

Қазақстан-1

14576

2

Қазақстан-2

11500

3

Қазақстан-3

11052

 

Ақпарат көзі: www.prosportkz.kz