Бұл Қазіргі бессайыстың халықаралық федерациясы Олимпиадаға біліктілікке қатысқан спортшылардың тізімін жариялаған соң белгілі болды. Ильященко өткен жылдың қараша айында Аргентинаның астанасы Буэнос-Айресте өткен әлемнің жастар чемпионатының күміс жүлдегері болған болатын. Осы нәтиже және басқа да табысты жарыстар қазақстандыққа 142 ұпайдан тұратын олимпиадалық рейтингке жетуге мүмкіндік берді, бұл ұпай саны оның 4 жылда бір рет өтетін ойындарға жолдама алуы үшін жеткілікті болды. Қазақстанның тағы да бір өкілі Рустем Сабирхузин Олимпиадалық рейтингте 33-ші болып, Лондонға өте алмады.

Vesti.kz | Новости Казахстана