Джонковта қазіргі бессайыстан Польшаның ашық чемпионаты өтті

Қазақстанның атынан онда жасөспірім Герман Соболев, жігіттер Денис Тюрин, Иван Ершов және Дмитрий Кошельник, сондай-ақ қыздар - Арина Джиенбаланова, Ксения Александрова және Дарья Хальзова қатысты.

Біздің спортшылар еліміздің намысын қорғай білді, ал Тюрин мен Джиенбаланова өз санаттарында екінші орындарды иеленді. Бұл жарыс осында қыркүйектің 3-і мен 9-ы арасында өтетін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының және 18-қыркүйек күні мажарлық Тата қаласында өтетін жігіттер арасындағы планета біріншілігінің алдындағы бақылау сайысы болып табылады.

Авторы : Алым Жалелов