Кеше Чэнду қаласында Қазіргі бессайыс бойынша Әлем кубогында ерлер арасында жүлделер жинағын ойнатты.

Алтын медальді белорус Павел Тимошенко (5696 ұпай) жеңіп алды. «Күміске» корей спортшысы Ли Ву Чжин (5644 ұпай), ал француз Валентин Бело (5632 ұпай) «қола» жүлдеге ие болды.

Павел Ильяшенко семсерлесу, жүзу, конкур, комбайн (пистолеттен ату және жүгіру) барлық кезеңдердің қорытындысы бойынша 5356 ұпай жинап, 18 орынға ие болды.

Нәтижесінде қазақстандық бессайысшы 29 тамыз – 4 қыркүйек аралығында Каошинг қаласында (Қытайлық Тайпей) өтетін Әлем чемпионатына қатысуға жетерлік ұпай жинады.