28-29 қыркүйек күндері Астанада «Қазақстан» спорт сарайында Қазіргі бессайыстың Қазақстандық Федерациясының ашық біріншілігі өтеді. Кезең жүзу бойынша жарыстардан тұрады.

Қазіргі бессайыс – спорттың күрделі, бірегей түрі, өйткені мұнда жылдамдық пен байсалдылық, күш пен төзімділік, су мен құрлық, горизонталь мен вертикаль, шешімдер қабылдаудағы ақыл-ой мен жинақылық ерекше үйлесім тапқан.

Биылғы жылы осы сайысқа жасөспірімдер мен жас балғындар құрамасының спорт шеберлері: Влад Сухарев, Антон Кушнирчук, Данил Кузнецов, Ольга Бойко, Диана Иванова, Ксения Атаманская қатысады.

Іс-шараны Қазіргі бессайыстың Қазақстандық Федерациясының Президенті Берік Мәжитұлы Имашев ашады.

Өткізілетін орыны мен мерзімі:

Ашылуы 28-29 қыркүйек 9.00 сағатта. Астана қ., «Қазақстан» спорт сарайы

Жарысты өткізуге басшылық:

Қазақстан Республикасының Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі

«Қазіргі бессайыстың Қазақстандық Федерациясы» ААО

Баспасөз хатшысы:

Сандуғаш Сұлтанова