17-21 сәуір аралығында Чэнду қаласында (Қытай) Әлем кубогының үшінші кезеңі өтеді. Атақты қазақстандық бессайысшылар Павел Ильяшенко, Андрей Солдатов, Ксения Александрова мен Арина Джиенбаланова 15 сәуірде Қытай Халық Республикасына шығып, жарысқа дайындықты бастады.

Ертең 17 сәуірде әйелдер арасында эстафета басталады. Біздің сұлу спортшыларымыз Арина Джиенбаланова мен Ксения Александроваға сәттілік тілейік!

Жарыс нәтижелері жөнінде күн сайын хабарлаймыз!

Қазақстандық қазіргі бессайыс федерациясының

баспасөз қызметі