Өткен демалыста Римде қазіргі бессайыстан өткен әлем чемпионаты ресейліктердің жеңісімен аяқталды. Ерлер арасында құрмет тұғырына ресейліктердің екі өкілі көтерілді.

Осы жылдың әлем біріншілігі 128 қатысушыны жинады, олардың ішінде 3 қазақстандық атлет те бар. Бессайысшылардың осындай саны кездейсоқтық емес, өйткені олимпиада лицензиясын алуға кепілдік беретін рейтингтік ұпайлар үшін күрестің шешуші кезеңі басталды. Үш спортшыны ұсынған Қазақстан құрамасы өзінің Лондонға екі бессайысшысын жіберуден үмітін үзген жоқ. Олардың бірі - Рустем Сабирхузин. Ол алдыңғы кезеңде 12-ші тұғырда болғандықтан, финалға өте алды. Барлық 4 түрдің қорытындысы бойынша (ред. Жүгіру мен ату комбайнға біріктірілген) ол 4616 ұпай жинады. Рустеммен салыстырғанда Андрей Солдатов кейінге қарай жылжыды, 4404 ұпаймен ол 21-ші орынға барды. Осы сәтке дейін жақсы жағынан көрінген Павел Ильяшенко болды, 4592 ұпаймен ол алдыңғы кезеңде ең мықты көрсеткіш – 4 орынды иеленді. Алдыңғы кезеңде жинаған 5792 ұпайына қарамастан, финалда ол он орынға төмендеп кетті. Рустем Сабирхузин да төмендеп кетті (5452). Ол 30-шы болды. Дегенмен, дәл осы Ильяшенко мен Сабирхузин Лондонға баруға үміткер болып отыр. Осы уақытта Павел әлемдік рейтингте 24-ші, ал Рустем -48-ші.

Ал Римде жеңіске жеткен ресейлік Александр Лесун (5964), 2-орында оның жерлесі Андрей Моисеев (5944), ал 3-ші болған кәріс Джинва Джунг (5928).

Әйелдерде 1-орын британдық Мейри Спенс (5484), оның соңынан қытайлық Цянь Чэнь, 3-ші болған британдық Саматан Мюррей (5252).

Осы жарыстарға қазақстандық қыздар қатыспағандығы жөнінде атап өту қажет. Құраманың аға тренері Валерий Кашельскийдің айтуынша олар әлі жасөспірімдер, әлемнің мықты спортшыларымен тең дәрежеде жарысуға қабілеттері жоқ. Сондықтан әзірше өздерімен жастылармен жарысады.

Қазіргі уақытта отандық бессайысшылар мамыр айында Польшада өтетін Ашық жасөспірімдер чемпионатына және Францияда өтетін жасөспірімдер турниріне дайындалып жатыр.

Қазақстанның ерлер құрамасы 26-27 мамырда қытайлық Чендудегі Әлем кубогының финалына қатысуды жоспарлап отыр. Осы жарыста соңғы рейтингтік ұпайлар ойнатылады.


Егор Ильин