Көне бессайыс тарихы

Қазіргі бессайыс бірегей, алуан түрлі, үйлесімді спорт түрі болғандықтан, оның көне Грециядағы Олимпиада ойындарынан бастау алатындығы ешкімге күмән туғызбайды. Қазіргі бессайысты «спорттың нағыз олимпиадалық түрі» деп атау себебі, ол олимпизмнің мұраттарына айрықша сәйкес келеді.

Көне бессайыс (пентатлон)

«Кімнің аяғы шапшаң және төзімді болса – ол жүйрік,

Кімнің қарсыласын қыспаққа алу үшін күші жететін болса, - ол палуан»
Кім қарсыласын мықты соққыға жыға алса - ол жұдырықтас палуан

Ал кімде кім барлығына да шебер болса, ол адам БЕССАЙЫСҚА қатысады»,- деп Аристотель пентатлден жасалған атлеттер туралы жазған.

Пентатл – нағыз гректік құмарлық, әдемілікті жаратушы. Гректердің бессайысты ойлап тапқан себебі, Ежелгі Элладаға ең мықты және ең жан-жақты атлеттерді көрсету болған.

Көне бессайыс бір күн ішінде кезектестіріп өтіп шығатын бес сыннан тұрған: 1 стадийде жүгіру (192м, 25см), гальтермен ұзындыққа секіру, найзаны лақтыру, дискіні лақтыру және күрес. Ол алғашқы рет көне Олимпиадалар бағдарламасына б.э.д. 708 жылы енгізілген. Осы спорт түріндегі ең алғашқы жеңімпаз Спартадан Лампис болған.

Көне бессайыстағы жарыстардың түрлері

Жүгіру

1 стадийде жарыса отырып жүгіруден тұратын қалыпты жүгіру. Стадийдің ұзындығы 600 баспалдаққа тең болған және қадамның әр түрлі өлшеміне байланысты 175 см-дан 192,27 см-ға дейін болған.

Ең үлкен стадий Олимпияда болған – 192м27см. Аңыз бойынша оны Гераклдың өзі өлшеген екен дейді-мыс.

Жүгірумен айналысу үшін көбіне аңшылықпен айналысатын немесе бақташы болған жігіттер таңдалған, өйткені олардың бойында жүйріктер үшін қажет қасиеттер дамыған.

 

Ұзындыққа секіру

Ежелгі гректердің секірулері қазіргі атлеттердің ұшуларына ұқсамаған. Әдетте олар биіктіктен алдын ала жүгірмей-ақ алысқа қарай секірген, дәл секірер алдында ғана қорғасыннан жасалған гирьлерді (гальтер) ұстаған қолдарымен сермеген, оны жасау себебі – денеге шапшаңдық беру үшін.

Гальтердің салмағы 1,6-дан 4,6 кг-ға дейін, ол дене салмағына байланысты болады. Осындай гирьлердің бірнешеуі осы күнге дейін сақталынған және баға жетпес олжа болып табылады.

 

Найзаны лақтыру

Найзаны лақтыруға келетін болсақ, бұл өнер айрықша әскери мақсатта үйретілген. Лақтыру 2 түрд қамтыған: қашықтыққа және нысанаға. Бессайыс бағдарламасына дәл қашықтыққа лақтыру кірген. Найза ағаштан жасалған, ұзындығы адам бойындай, ұшу жылдамдығын арттыру үшін ұшында үшкір ұштық жасалған, ол жауынгердің найзасына қарағанда жеңілдеу болған.

 

Дискіні лақтыру

Дискіні лақтыру техникасының қазіргіден айырмашылығы аз болған. Диск – металлдан жасалған дөңгелек, шет жақтары қабыстырылған, тұтас немесе ортасы диаметрі 17-ден 32 см-ге дейін тесілген, салмағы 1,3-тен 6,6 кг-ға дейін болған. Лақтыру кезіндегі дененің қалпы және құлаш тәсілі туралы айқын көрініс беретін бізге дейін сақталған дискоболдардың көне мүсіндері. Осы қатардан орын алатын ең атақты мүсіннің бірі – Миронның «Дискобол» мүсіні. Ол бізге римдік көшірме ретінде келіп жеткен, оның таң қалдыратын жері – спортшы денесінің дайындық үстіндегі үйлесімділігі. Қозғалыс барысындағы жігіттің мүсінін жасауда Мирон ең алғашқы мүсінші болған.

 

Күрес

Грек күресінің қазіргі грек-рим күресінен айырмашылығы болмаған, бірақ өзіне тән кейбір ерекшеліктері болған. Күрестің екі түрі болған – «тұрып күресу» және «төменгі күрес». «Тұрып күресуде» қайсысы қарсыласын үш рет жерге жықса, сол жеңген болып саналады, ал «төменгі күресте» қарсылас өзі жеңілгені туралы жариялайтын болған. Күресті қиындату үшін күрескерлердің денесіне май жағып, құм себетін болған.

Бессайыста жеңіске жету үшін алуан түрлі жаттығуларды меңгеру талап етілгендіктен, басқа жарыстарға қарағанда пентатлде жеңіске жету өте жоғары бағаланды. Осы жарыстың жеңімпазы «Victor Ludorum» дәрежесін иеленген. Сондықтан болар, ежелгі грек философы Аристотель пентатлден жаралған атлеттер туралы: «Бессайыспен айналысатын неғұрлым жетілген спортшылар, өйткені олардың бойында күш пен жылдамдық тамаша үйлесім тапқан»,- деп айтқан.

 

Пентатлоннан көпсайыстың екі түрі пайда болған – жеңіл атлетикалық және қазіргі бессайыс (оған ату, семсерлесу, жүзу, атпен салт жүру және жүгіру кіреді). Бессайыстың осы екінші түрі сол көне қалпында сақталды десе болады. Егер эллиндердің пентатлы олар өздерінің мықты жақтарын көрсете алатындай жарыстардан тұрса, қазіргі бессайыс үйлесімді тұлғаның дамуына мүмкіндік беретін жарыс түрлерін қамтиды.

Ату – психикалық тұрақтылықты, семсерлесу – реакцияны, яғни көптеген нұсқаның ішінен аз уақытта дұрыс шешімді тауып, жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Жүзу мен жүгіру көптеген дене қасиеттерін дамытады, сондай-ақ мінезді шынықтырады. Ал ат спорты алыстап бара жатқан адамды табиғатпен байланыстыратын жалғыз құрал ретінде танымал.

«Бессайыс – бұл тек спорт қана емес, бес түрден биіктен көріну өнері. Атта бессайысшы сымбаттылық, семсерлесуде – ерекше реакция, атуда – жинақылық, жүзуде – жылдамдықты төзімділік, ал жүгіруде – шыдамдылық пен төзімділік көрсетуі тиіс»,- деген қорытынды жасайды спорт шебері және олимпиада чемпионы Павел Леднев.