Адамдар жалпы не үшін спортқа барады? Ертеде, Кеңес Одағының уақытында адамдар үлкен сыйлықтарға қызықпаған шығар, өйткені олар болған да жоқ. Ол әрине, спорт үшін жақсы болды, коммерциялық құрамы болмады. Балаларды спортқа беру себебі – жан-жақты дамуы үшін және те спорт жас балаға жоғарыдан көрінуге, адам қатарына шығуға, сыйлы адам болуға, тіпті шетелге баруға мүмкіндік берді. Бірақ та сол кездері кішкентай балаларын спорт секциясына әкелген ата-аналардың көбі ол жөнінде ойланбаған да шығар. Негізінен олар жан-жақты даму идеясын басшылыққа алған, өйткені дене мәдениеті – адамның жалпы мәдениетінің құрамды бөлігі болып табылады.
Ал қазіргі үлкен спорт көп ақша табуға мүмкіндік береді, бұл ретте ақыл-ой және дене дамуының арасындағы балансты ұмытпаған жөн. Спорттық мансаптағы үлкен жетістіктеріңе және ауқымды табыстарыңы қарамастан, сені интеллектуалды, білімді адам ретінде есептеген маңызды. Қазіргі бессайыс- спорттың күрделі, бірегей түрі болып табылады, өйткені мұнда жылдамдық пен байсалдылық, күш пен төзімділік, су мен құрлық, горизонталь мен вертикаль, шешімдер қабылдаудағы ақыл-ой мен жинақылық ерекше үйлесім тапқан.
Бес түрдің әрқайсысында бұлшық еттердің әр түрі және қабілеттілік дамытылады. Конкурда, мысалы, жеребе барысында жарыс басталғанға 20 минут қалғанда бейтаныс атты береді және спортшы осы минуттар аралығында жануарды жақын танып, өз кедергілерді орындатуға тырысуы тиіс. Семсерлесу дене үйлесімділігі мен шешімдерді шапшаң қабылдауды талап етеді. Жүзу, жүгіру және ату – әрбір адамға тарихи маңызды қасиеттер.
Қазіргі бессайыстың тарихы өткен ғасырдың басында жатыр, ол кездері француз ақсүйегі барон Пьер де Кубертен офицерлік көпсайысты ойлап тапқан. Оған мына түрлер кірген:
-
жүгіру,
-
ату,
-
жүзу,
-
семсерлесу
-
конкур.
Алайда осы құрғақ тарихпен қатар әдемі аңыз да бар.
Бір көрікті гусар жедел хабарды штабқа жеткізу туралы бұйрық алады. Ол атпен шауып шықты, оның соңынан жау қуалай бастайды. Оның ізіне түседі, ол атып, қорғана бастайды. Патрондар бітті, аты қаза тапты, енді оған қылышпен семсерлесуге тура келеді. Жауларды жеңіп, алға шықса, өзен көрінеді. Ол өзеннен малтып өтіп, белгіленген орынға тура уақытында жетеді.