Кеше Қазіргі бессайыстың халықаралық федерациясы Олимпиада ойындарына квалификацияланатын атлеттердің тізімін жариялады. Олардың қатарына біздің спортшымыз Павел Ильященко да ілікті.

Павел жарты жылдан астам уақыт сенімді ұпайлар жинай отырып, барлық деңгейдегі халықаралық турнирларға қатысып келеді. Осы жетістіктерге маңызды үлес қосқан – жастардың әлем чемпионатындағы күміс медалі. Бұл медальді Павел өткен жылдың қараша айында Буэнос-Айресте (Аргентина) жеңіп алған болатын. Осылайша, біздің елімізді жазда Лондонда мәлім ету үшін, оған 142 ұпай жеткілікті болды.

Өкінішке орай, біздің екінші үміткеріміз Рүстем Сабирхузин ілікпеді. Қорытынды олимпиада рейтингінде ол 113 ұпаймен тек 33-ші тұғырдан орын алды.

Ерлер арасында неғұрлым көп өкілдік Ресей, Италияның үлесінде – 4 спортшыдан.Бір адамға кем Британия мен Оңтүстік Кореяда. Барлығы олимпиада бессайысында 36 бессайысшы бақ сынамақшы.

   Егор Ильин