Ү.ж. 9 наурызда Хартпури қаласында (Ұлыбритания) жасөспірімдер арасында қазіргі бессайыс бойынша Англияның Ашық Чемпионатының бағдарламасында Халықаралық турнир өтті.

Жарысқа Қазақстан, Германия, Франция, Мысыр, Португалия, Испания, Ирландия, Латвия және Ұлыбритания спортшылары қатысты.

Қазақстан командасы келесі құрамда қатысты:

Бозбалалар - Денис Тюрин, Игорь Созинов, Максим Леонидов.

Қыздар - Александра Чумакова, Олеся Мыльникова, Алина Курбатская.

Жарыс қорытындысы бойынша біздің спортшылар келесі нәтижелерді көрсетті:

Бозбалалар:

Денис Тюрин – 6-орын (4360 ұпай)

Игорь Созинов – 16-орын (3940 ұпай)

Максим Леонидов – 20-орын (3636 ұпай)

Командалық сынақ – 4-орын (11936 ұпай).

Қыздар:

Олеся Мыльникова – 19-орын (3204 ұпай)

Александра Чумакова – 21-орын (3148 ұпай)

Алина Курбатская – 23-орын (3004 ұпай)

Командалық сынақ – 6-орын (9356 ұпай).