Алматы облысында аяқталған бессайыстан А.Иманов атындағы халықаралық турнирде Қазақстанның құрамасы эстафетадан бірінші орынды жеңіп алды.

Екінші орын- Корея командасында, үшінші- Қазақстан-2.

Бүгін Қазақстанның құрамасы Польшаға соңғы олимпиадаалды жиындарына кететіндігі жөнінде айтып өткіміз келеді. Команда жергілікті спортшылармен бірге, сондай-ақ Литва, Германия, АҚШ және Корея өкілдерімен бірге жаттығатын болады.

Бірінші тамызда қазақстандық бессайысшылар Польшадан Лондонға ұшады, онда 11 күні ерлер арасында, 12 күні әйелдер арасында олимпиада жарыстары өтетін болады.

Қазіргі бессайыстың қазақстандық федерациясының баспасөз қызметі