Бас
серіктес

Әлеуметтік
серіктес

2017 жылдың 12 қарашасында Алматыда Республикалық спорт колледжінің жеңіл атлетикалық алаңында «Қазақстандық қазіргі бессайыс федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі «Үйлесімді тұлғаны дамыту» тақырыбында ашық сабақ өткізді, кейін Алматы қаласының №1 балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін лазер тапаншасы-нан ату жаттығулары өткізілді.

Республикалық спорт колледжінің жетекші спортшылары мен мұғалім-дері №1 балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесуге қатысты. Колледж оқытушысы Ахметова Е.Е. студенттердің оқу жетістіктерін жоғары спорт жетістіктерімен қалай үйлестіретіні туралы әңгімеледі. 2018 жылғы Аргентинадағы жасөспірімдер Олимпиадасына үміткер Қазақстан Республи-касының құрама командасының мүшесі Софья Призенникова және оның сыныптастары лазерлік тапаншаны қалай қолдану керектігін айтты. Осыдан кейін балалар атудан өз күштерін көріп, бессайыс түрлерінің бірінен – жеңіл-детілген эстафета өткізілді (Жүгіре ату). 

Сабақтың соңында кейбір балалар РСК-не түсуге және тұрақты спортпен айналысуға қызығушылық танытты.

Іс-шара «Samruk-Kazyna Trust» қорының әлеуметтік жобаларын дамыту қорының қолдауымен өткізілді.

Қосымша ақпарат алу үшін келесі телефонға қоңырау шалыңыз:

+7(777-270-59-70), Чудновский Вадим Максович, pentathlon5@rambler.ru.