Қазіргі бессайыс бойынша ұлттық команданың 2013 жылғы спорттық кезеңі бірқатар халықаралық және республикалық жарыстарды қамтиды.

Басты жарыстарға дайындық бас және аға тренерлармен жоспарланып, тренерлік кеңеспен келісіледі және федерация президенті, Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясының спорттық басшылары, сонымен қатар ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігімен бекітіледі. Спорттық күнтізбеге сәйкес негізгі және жастар командасы қаңтарда оқу-жаттығу жиынды Ыстық көлде (Қырғызстан) өткізіп, көрші елдердің бессайыс құрамаларымен семсерлесу бойынша бірлесе машықтану мүмкіндігін алды.

Оқу-жаттығу жиыны жоспарға сәйкес жарақат пен науқассыз өтіп, жаттығу көлемі толығымен орындалып, климаттық жағдайлар жаттығуларды таза ауада (жүгіру+ату) орындауға мүмкіндік беріп, жаттығу базасы, тұрмыс жағдайы мен тамақтану команда құрамасының мақсатты дайындығы үшін талаптардың барлығына толығымен сәйкес келді.

Біздің командамен қатар Ресей мен Белорусия құрамалары жүзу мен жеңіл атлетика бойынша дайындық жүргізіп, кәсіби спортшыларды дайындау бойынша тәжірибе алмасты.

Негізгі және жастар командаларының бас жарыстары шілденің соңы мен тамыздың ортасында, үлкендер, жасөспірімдер мен бозбалалар арасында Әлем чемпионаттары мен Азия чемпионаты қазан айында Алматыда өтпек. Негізгі құрама Әлем кубогының 4 кезеңіне қатысуда жоспарлауда, Әлем кубогының финалы ақпан-мамыр айларында өтеді, жастар құрамасы дәл сол кезеңде үш халықаралық жарысқа қатысуы жоспарлануда.

Үш республикалық жарыс жоспарлануда: наурыз айында ҚР Ашық қысқы чемпионаты, маусымда «Амангелді Иманов» ХТ, желтоқсанда ҚР Ашық кубогы, сондай-ақ Қырғызстанда үш жарыс: маусымда Орталық Азия кубогы, қыркүйекте «Юрий Хоришко» ХТ, желтоқсанда Қырғыз Республикасының Ашық кубогы. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының құрама командаларына негізгі үміткерлер төмендегідей:

Ерлер

1. Ильяшенко Павел

2. Солдатов Андрей

3. Зимарев Леонид

Жасөспірімдер

1. Кошельник Дмитрий

2. Ершов Иван

3. Соболев Герман

Бозбалалар

1. Тюрин Денис

2. Созинов Игорь

3. Леонидов Максим

 

Әйелдер

1. Александрова Ксения

2. Джиенбаланова Арина

3. Хальзова Дарья

4. Шарипова Енлик

Қыздар

1. Чумакова Александра

2. Мыльникова Алеся

3. Курбанская Алина