Өткен демалыста Ростов-на Донуда (Россия) өткен Әлем кубогының төртінші кезеңі нәтижелі болды. Павел Ильяшенко финалда көрсеткен жоғары нәтижелерінің есебінен, төртжылдықтың басты жарысына түсуге кепілдік алды.

Жартылай финалдың өзінде Павел неғұрлым көп рейтингтік ұпай жинауға деген талпынысын танытты. Сомасында 4460 ұпай жинап, ол 5-ші орынға тірелді, бұл оның финалға квалификациялануына мүмкіндік берді. Ол британдық Джеймс Куктың алдын орағанын айта кеткен жөн, өткен жылдың қарашасында ол Павелге әлемнің жасөспірімдер чемпионатында «алтынды» алуға мүмкіндік бермеген спортшы болатын. Өкінішке орай, қазақстандық ең жас бессайысшының бастауын оның жасы үлкен жолдастары қолдай алмады. Осы жартылай финалға қатысқан Андрей Солдатов 4236 ұпай жинап, 27-ші орынды; ал басқа іріктеу тобына қатысқан Рустем Сабирхузин (4360) 20-шы тұғырды иеленді. Финалда Ильяшенко барлық құраманың атынан шығып, сағы сынбады. Павел ең алғаш рет осы маусымдағы Әлем кубогының кезеңінде 5732 ұпай жинап, қорытынды хаттамада 4-ші орынды иеленді. Ал жеңіске жеткен жергілікті бессайысшы Илья Шугаров (5840), оның соңынан іле белорус Станислав Журавлев (5756), ал үшінші орын француз Кристофер Патенің (5752) еншісінде.

Осылайша, ресейлік кезеңде нәтижелі өнер көрсеткен Ильяшенко әлемдік рейтингте 38-шіден 24-ші жолға жылжыды. Оның еншісінде енді 124 ұпай. Ал қалған біздің жігіттердің өнері көңіл толарлықтай болмады. Олимпиада ойындарында 36 бессайысшы қатысатынын естеріңізге саламыз.

Отандық бессайысшылар күнтізбесіндегі келесі маңызды жарыс- Римде мамырдың 7-сінен бастап 13-іне дейін өтетін әлем чемпионаты.

Егор Ильин