Павел Ильященко Алматы облысында аяқталған бессайыстан А.Иманов атындағы халықаралық турнирді жеңіп алды.

Қазақстанның олимпиада  құрамасының мүшесі сомасында 5808 ұпай жинады. Екінші және үшінші орындарды да иеленген қазақстандықтар болды: Андрей Солдатов – 5764 ұпай, ал Леонид Вимарев -5720 ұпай жинады.

Турнирге олимпиадаға жолдама алған тағы бір спортшымыз Рустем Сабирхузин де қатысқандығын атап өткіміз келеді. Бірақ ол атпен салт жүруден жаттығу барысында жарақат алды, сондықтан  жаттықтырушылар штабы бессайысшыны семсерлесуден кейін жарыстан  алып тастау жөнінде шешім қабылдады.

Сонымен қатар Халықаралық турнирде әйелдер арасындағы жүлделі орындарды біздің қазақстандық спортшылар жеңіп алғандығын естеріңізге саламыз. «Алтын» Арина Джиенбаланованың еншісінде, екінші Ксения Александрова, ал үшінші нәтиже көрсеткен 4596 ұпай жинаған Анна Шондина болды.