НАГОЯ (Жапония), 2026 жылғы 16 қыркүйек — XX Азия ойындары аясында қазіргі заманғы бессайыстан турнир басталды. Турнирді семсерлесуден рейтингтік раунд ашты. Қазақстан командасында үздік нәтиже көрсеткендер:

Ерлер

  • Әбдірайымов Темірлан — 2-орын (27 жеңіс, 8 жеңіліс), қазіргі таңда бұл — Қазақстан құрамасының турнирдегі ең үздік нәтижесі
  • Варёхин Тихон мен Чувашов Лев 13–14-орындарды бөлісті (әрқайсысында 20 жеңіс, 15 жеңіліс)
  • Стадник Кирилл — 16-орын (20 жеңіс, 15 жеңіліс)

Әйелдер

  • Щедрова Диана — 12-орын (19 жеңіс, 13 жеңіліс)
  • Қазбекова Аяна — 16-орын (17 жеңіс, 15 жеңіліс)
  • Петрова Юлиана — 22-орын (14 жеңіс, 18 жеңіліс)

Кесте

17 қыркүйекте әйелдер арасындағы жартылай финал өтеді, 18 қыркүйекте — ерлер арасында. Финалдар 20 қыркүйекке жоспарланған: әйелдерде медальдар лазер-ран қорытындысы бойынша сағат 11:00-де, ерлерде — 15:30-да таластырылады.

Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы

  • Зимарев Леонид

Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар құрамы

  • Рянзин Егор
  • Селецкий Александр
  • Соболев Герман
  • Туробов Сергей

Федерацияның вице-президенті

  • Соловьёв Юрий

Федерацияның бас серіктесі — Samruk Kazyna, серіктесі — SportQory туризм және спорт индустриясын қолдау қоры.