50- жылдардың басында қазіргі бессайысты КСРО-ның барлық одақтық республикалары әр түрлі дәрежеде тарата бастады.

Ерекше белсенділік көрсеткен Украина КСР-і және РКФСР болды, олар ұзақ уақыт бойына КСРО чемпионаттарында жүлделі орындарды иеленді және өз қатысушыларын Кеңестер Одағы құрама командаларының ресми жарыстарына жіберіп отырды. Бірақ елдің аймақтарының (Закавказье, Прибалтика) дайындық деңгейі біртіндеп құрама көшбасшыларынікіне жақындады, сонымен Бүкілодақтық жарыстардың жүлдегерлерінің құрамында, КСРО құрамасына үміткерлердің тізімінде жаңа есімдер пайда болды. Негізінен бұл жаңа жаттықтырушы кадрлардың пайда болуының, кешенді спорттық базаларды ұйымдастырудың, бессайысты спорттық дайындау әдістемесін жетілдірудің, жарыстар күнтізбесін ұлғайтудың нәтижесі еді.

 

Қазіргі бессайыс Қазақстанда 1954 жылдан бастап дами бастады. Ұйымдастырушылар Қаз ДТИ №/а кафедрасының аға оқытушысы Г.Чулок және Қаз ДТИ жүзу кафедрасының аға оқытушысы Ельгундиев Б.Т. болды. Команда екі жылдық дайындықтан өтіп, КСРО халқының 1-спартакиадасында мәлімделді және Армения, РКФСР, «Мәскеу» командаларынан кейінгі 4 орынды иеленді, жеке есепте Анатолий Ким алтыншы болды.

1958-59жж. ҚазДТИ қазіргі бессайыс бойынша мамандандыру өткізеді. Көптеген жігіттер спорттың жаңа түрінде бақтарын сынауға тілек білдірді, олардың құрамында  Б.Сариев, В.Тренкин, М.Қауқарбеков, О.Колесников, Ю.Гардеев және басқалар болды. Кейіннен осы спортшылар жақсы жаттықтырушыға дейін өсті.

Қазіргі бессайысты КСРО халқы спартакиадасының бағдарламасына енгізуіне байланысты, жаттықтырушылар құрамы Мәскеу, Ленинград және Львовтың дене тәрбиесі институттарының түлектері есебінен күшейді.

Бірақ осы мамандар пайда болғанға дейін Алматыға Л.С. Завелевич (Горький қ.) келіп, бессайыс спортшыларды қамтамасыз етудегі тәжірибесімен бөліседі.

Ол құрама команданың аға жаттықтырушысы ретінде ұзақ болған жоқ, алайда дәл осы адам кәсіби қазіргі бессайыспен айналысқан спортшылар жоғары деңгейдегі жарыстарға табысты дайындау үшін оларды ынталандыру және материалдық қолдау қажеттілігіне Қазақстан спорт ұйымдарының басшыларын сендіре білді.  

 

Қазақстандғы түрін дамытудың алғашқы ұйымдастырушылары Алматы дене тәрбиесі институтының аға оқытушысы П.Г. Чулок және Қаз ДТИ түлегі – Б.С.Тютявин болды. Студент жастар бессайыспен айналысуға тез арада тартылды.  

Болашақ дәрігерлер, агрономдар, мал дәрігерлері, заңгерлер және те әрине, дене тәрбиесі институтының студенттері (Қазақстан құрама командасының негізін құрағандар) және «КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің Алматы жоғары шекарашылар командалық училищесінің» курсанттары, олар КСРО Шекарашы әскерлерінің чемпионаттарына ұдайы қатысып, 1961 жылы осы жарыстарды қабылдауға дайындалды.

 

Әлсіз бәсекелестік және ішкі жарыстарға қатысушылардың төменгі деңгейі құрама көшбасшыларына жоғары және тұрақты шеберлікке жетуге мүмкіндік бермеді. Жаттықтырушылар құрамына да, спортшылар құрамына да «жаңа буынның келіп құйылуы» мәселесі өзекті болып қала берді.  

Болашағы бар оқушысы Виктор Сватенконы Алматыға өзімен бірге ерте келген жаттықтырушы И.И. Александров «алғашқы қарлығаш» болып табылды.  Сонымен қатар, 1963ж. КСРО халқының спартакиадасында қатысу үшін команданы күшейтуге мәскеулік В.Комиссаров шақыртылды.

Осы кезеңде жаттықтырушылар командасы Украина өкілдері  Ш.Шадиев, В.Вьюникпен, ГЦОЛИФК түлегі В.Феклюнинмен, Ленинград ДТИ түлегі В.Соснинмен және Ленинград Жаттықтырушылар жоғары мектебінің жаттықтырушысы Ю.Савицкиймен (ойнайтын жаттықтырушы) жаңартылды.

Спортшылар құрамы Республиканың әр түрлі облыстарынан келген украиндықтардың есебінен көбейді (КСРО СШ– В.Найденок, КСРО СШ –В.Иваненко, КСРО СШ – К.Осипов, КСРО СШ – А.Глазков).

 Осы уақытта пәтер мәселесін шешпегендіктен КСРО құрама командасына үміткер В.Минеев Қазақстаннан кетіп қалды, ол кейіннен Әзербайджан КСР-інің құрама командасында КСРО халқының чемпионы, КСРО командасының құрамында – Олимпиада чемпионы болады және Аустралиядағы Әлем чемпионатында жеке есепте 2-орын иеленіп, 1-ші орынды атақты венгр – Андрош Бальцоға ғана береді.

Дегенмен алғашқы жетістікке де кезек келді. Қазақстанның жас жаттықтырушыларының күшімен алдымен жігіттердің Ведомстволық жарыстарында, сосын Бүкілодақтық жарыстарда жүлдегерлердің қатарында қазақстандық спортшылар жиірек көріне бастады, бұл 1969-1979жж. болашақтағы жетістіктерге кепіл болды. КСРО құрамында жастар арасындағы чемпиондар Ю.Тогобецкий, В.Монахов болды.

 Айтпақшы, қазақстандықтар көптеген жетістіктерді жігіттер, жасөспірімдер жасында көрсете білді, бессайыс тарихында КСРО құрама командаларының (негізгі, жігіттер және резерв) құрамында ұдайы Қазақстанның спортшылары болғандығын айтсақ та жеткілікті.

Әр түрлі уақытта КСРО спорт шеберлері, сондай-ақ халықаралық класстың спорт шеберлері: А.Ким, В.Минеев, В.Сватенко, Ю.Савицкий, Ю.Тагобецкий, Н.Тисленко, В.Кашельский, В.Монахов, Б.Мухамедьяров, Т.Досымбетов, Е.Бесонов, В.Сычев, О.Плехов, И.Боровиков, Н.Печатнов. И.Ершов, О.Ребров болды.

Қазақстанның құрама командасы 1975ж. жастар арасындағы КСРО чемпионатына құрамында: Т.Досымбетов, Е.Бесонов, В.Сычев, В.Рожков сияқты спортшылармен қатысты, алтын медальдар ұтып алды. 1976ж. КСРО-ның Жастар ойыны өтті, бұл жолы да осы құрамдағы команда алтын медальдар жеңіп алды.

Алдыңғы уақытта ипподром мен ат спорты мектебінің қарапайым жағдайларындағы дайындық, кейіннен оқу-жаттығу жиындарында Министрлер кеңесінің демалыс үйінде, Қазақ КСР-інің ІІМ санаторийінде ұйымдастырылған орталықтандырылған жиындар нәтижесін көп күттірген жоқ. КСРО халқының спартакиадасында, КСРО чемпионаттарында, Халықаралық жарыстардағы жүлделі орындар тез арада қол жеткізілді. 1967ж. КСРО халқының спартакиадасында В.Сватенко, Ю.Савицкий, Б.Сариевтен тұратын құрама 3-орынды иеленді. Келесі Спартакиадада 1971ж. В.Сватенко басқарған кешегі жасөспірім және бозбала Ю.Тогобецкий, В.Монаховтар қайтадан 3-командалық орынға ие болады. Осы құрамдағы команда 1975ж. Ереван қ. өткен Спартакиадада төртінші, ал Мюнхен қ. Олимпиадада 1972ж. қазақстандық В. Сватенко қатысушы болды (қосалқы ойыншы).

Жоғары класты спортшыларды мақсатты дайындаудың қорытындысы - қазақстандық спортшылардың әр түрлі жылдардағы әлем чемпионаттарында КСРО құрама командасының құрамында қатысу болып табылды. 1982ж. КСРО құрама командасында Т.Досымбетов, Италия (Римдегі) әлем чемпионатында Анатолий Старостин, Тимур Досымбетов, ал Евгений Липеев жеке есепте 4-орынды иеленіп, әлем чемпионы атанды және 1984ж. Олимпиада ойындарында КСРО командасының құрамында қатысуға жолдама алды.

 Өкінішке орай, КСРО басшылығының саяси көзқарасының нәтижесінде 1984ж. АҚШ-тағы Лос-Анджелесте өткізілетін Олимпиада ойындарына команда қатыспады. Құрамында А.Старостин, Т.Досымбетов, Е.Липеев бар КСРО құрама командасы алтын медальдан үміткер еді.

  Сондай-ақ Қазақстан спортшылары В.Сычев, Е.Бесонов, И.Боровиков КСРО құрама командасында бірнеше рет жастар арасындағы Әлем чемпиондары болды. Е.Бесонов жеке есепте КСРО чемпионатының күміс жүлдегері атанды, құрамында Т.Досымбетов, В.Сычев, Е.Бесоновтан тұратын Қазақстан командасы 1979ж. КСРО халқының спартакиадасында қола медальді қанжығасына байлады. Команданы дайындаған жаттықтырушылар - Е.Бреслер, В.Тренкин, Ю.Гордеев, В.Кашельский, Ю.Токарев болды.

Әрине, осындай көрсеткіштерге қол жеткізу барлық деңгейдегі спорт басшыларының қолдауының арқасында болды, қазіргі бессайыстың кешенді ат спорта базасы (жүзу бассейнісіз) құрылды.

  Алматыда 60ж. соңынан бастап 1968-1969жж. Амангелді Имановты еске алу құрметіне ерлер арасында ЖТ жарыстары өткізілді, мұнда одақтық республикалар және шетел командалары қатысты.

  70ж.басынан 1973-74жж. қазіргі бессайыс және биатлонның халықаралық одағы Алматы қаласында жасөсіпірімдер арасында Амангелді Имановты еске алуға арналған ЖТ жарыстарды өткізіп тұру туралы шешім қабылдады, ол дәстүр бойынша сәуір айында өткізіліп тұрды, оған КСРО -1-2, одақтық республикалар және шетел командалары қатысты. Турнирдің климаттық және ұйымдастыру жағдайлары туралы қазіргі бессайыстың мамандары осы күнге дейін жылы лебіздерін білдіріп жатады. Осы турнирге қатысқандардың қатарында олимпиада чемпиондары Я.Печак, А.Старостин және кейіннен әлемдік бессайыстың көшбасшыларына айналған басқа да спортшылар болды.

  1991-92ж. бастап 2000ж. аралығында турнир өз мәнін және мәртебесін жоғалтып алды. 2001 жылдан бастап осы турнир республикалық деңгейде ҚР Жазғы ашық чемпионатының бағдарламасында, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресейдің спортшыларын шақырумен өтеді. Осы кезеңде «Амангелді Имановты» еске алу ЖТ-ні халықаралық деңгейде жандандыру жоспарлануда.

 Бұл турнирдан басқа Алматыда қазіргі бессайыстан Бүкілодақтық деңгейдегі ведомстволық және аумақтық әр түрлі жарыстар бірнеше рет өткізілді.

 Қазақстан Республикасы егемендігін алған кезден бастап, 1992жылдан қазақстандық бессайыс өз құрама командасымен қатысып келеді. ҚР ұлттық құрама командасы Әлем кубогы кезеңдерінің, Азия чемпионаты мен Азия ойындарының бірнеше дүркін жүлдегерлері атанды, сондай-ақ 1996ж. Италияда өткен Әлем чемпионатында эстафетада Д.Тюрин, А.Парыгин, О.Ребров бастаған команда қола жүлдеге ие болды. А. Парыгин мен Д. Тюрин Олимпиада ойындарына қатысып, А.Парыгин 1996ж. олимпиада чемпионы (АҚШ, Атланта) болды. Осы кезеңде ҚР командасының құрамына Д.Кригер, И.Ершов, Д.Тюрин, А.Парыгин, О.Ребров., А Шамин кірді.

 2000ж. А.Парыгин азаматтығын және тұрғылықты жерін Аустралияға ауыстырып, 2004ж. Афиныдағы Олимпиада ойындарында Австралия атынан қатысады (27м).

2000ж. команда құрамы жасарады, негізінен жігіттер мен жасөспірімдер ауысымға келеді: А.Скляр, Н.Кусмолданов, Д.Стародубцев, Д.Марьянов, Д.Туров. Е. Тебеньков, Л. Зимарев, олар кезінде 2002-2010жж. Пусан қ. (Оңт.Корея) АО эстафетада қола жүлдені иеленеді. 2002ж. құрамында А.Скляр, Н.Кусмолданов, Д.Стародубцев бар команда Азия чемпионаттарында жүлдегер атанады.

1996ж. ауысым аяқталған соң, қазіргі бессайыстың халықаралық федерациясының конгресінде халықаралық олимпиада комитетіне 2000ж. олимпиада ойындарының бағдарламасынадағы қазіргі бессайысқа әйелдер құрамасын енгізу жөнінде өтініш жасау туралы шешім қабылданды. 1997ж. халықаралық олимпиада комитетінің сессиясында Олимпиада ойындарының бағдарламасына әйелдердің қазіргі бессайысын енгізу туралы шешім қабылданды.

 Қазіргі бессайыстың Азиялық федерациясының Вице-Президенті Т.Досымбетовтың тікелей қолдауымен Қазақстанда әйелдер арасындағы қазіргі бессайыстан команда құрылды, «Динамо» ФСО мен Армия спорт клубында дайындық топтары құрылды.

  1997ж.әйелдер арасындағы бірінші Азия чемпионаты өткізілді, оған Л.Джиенбалановна, В.Конрад, Ю.Зайцева, И.Чумакова қатысты. Мұнда жеке есепте Л.Джиенбаланова – 2-орын және команда 2-орынды иеленді.

2002ж. Қазақстанның бессайысшылар командасы толық құрамда қатысты. Ерлер: Д.Стародубцев, А.Скляр, Н.Кусмолданов, Д.Марьянов, жаттықтырушылар: Д.Тюрин, Ю.Токарев, әйелдер: Л.Джиенбаланова, Г.Долгушина, Л.Шумилова, Н.Уварова, жаттықтырушылар: В.Кашльский, В.Васильев. Жарыс қорытындысы бойынша командалық есепте ерлер қола медальді иеленсе, жеке есепте Л.Джиенбаланова алтын медальді иеленеді, командалық есепте -1-орын, эстафетада қола медальді жеңіп алады.

2003 жыл Афиныда (Греция) өтетін олимпиада-2004ж. лицензиясын алу үшін дайындық өткізуге арналды. 2004 жылы Мәскеудегі Әлем чемпионатында лицензиялар ойнатылды, ол үшін жеке есепте мықтылардың 10-дығына кіру қажет еді. Л.Джиенбаланова жеке есепте 9-шы болып, лицензия жеңіп алды., ал екінші спортшы Л.Шумилова әлемдік рейтинг бойынша 32 мықтылардың қатарынан орын алып, лицензияны жеңіп алды.

Сондай-ақ 2004 жылы Қазақстанның құрамасы Азия чемпионатына қатысып, лицензия үшін жарысты. Алайда ат құрамының әлсіз дайындалуының себебінен лицензия жеңіп ала алмайды. Н.Құсмолданов 3 түрден кейін алда келе жатып, ат жарыста нашар көрсеткіш көрсетіп, одан әрі жарысу мүмкіндігінен құр қалады.

 2008ж. Бейжіңде (Қытай) өтетін Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін жарысқа әйелдерден: Джиенбаланова Л, Долгушина Г, Крысина Ю, Абросимова А., ал ерлерден Н.Құсмолданов қатысты.

2007ж. Токиода өткен Азия чемпионатында Л.Джиенбаланова – 2-орынды және Г.Долгушина - 4 -орынды иеленіп, Азия чемпионатының қорытындысы бойынша олимпиада-2008 лицензияны жеңіп алады, қосалқы ойыншылар - А.Крысина мен А.Абрасимова болды.

2004ж. Афиныдағы (Греция) олимпиада ойындарында Джиенбаланова Л. -14 орын, Шумилова Л. -30 орын алды.

2005ж. Алматыда Азия чемпионаты өткізіліп, жаңа пішімдегі жарыс: ату, жүгіруден тұратын бағдарлама «Комбинация» деп аталды.

Мынадай нәтиже көрсетілді: ерлер – жеке есепте Кусмолданов Н.- 2 орын, командалық есепте 2-орын, эстафетада 1-орын.

Әйелдер – жеке есепте Долгушина Г. -1-орын, Крысина Ю. -3 –орын, құрамында Джиенбаланова Л, Долгушина Г, Крысина Ю. бар команда –командалық есепте 1 –орын иеленді. е, эстафетада 1 орын алды.

2009 жыл. Азия чемпионаты. Сеул (Корея) ком. – 2 орын иеленді, құрамында Джиенбаланова Л.,Долгушина Г., Абрасимова А, қосалқы ойынша Александрова К. болды. Осы құрам эстафетадан 3-орын алды. Кусмолданов Н, Тебеньков Е, Туров Д. сияқты спортшылардан тұратын ерлер командасы эстафетада 3-орын иеленді.

2010ж. Азия ойындары, Гуанджоу қ. Қытай. Ерлер командасы қатысқан жоқ, ал әйелдер командасы: Джиенбаланова Л, Долгушина Г, Александрова К, Шондина А. қола медальді жеңіп алды. Г.Долгушина ат жарыста аяғын ауыртып алып, ойынға одан әрі қатыса алмайды, сондықтан әйелдер бұдан да жоғары орын алу мүмкіндігінен қол үзеді.