Бұдан біраз уақыт бұрын Қазақстанның ерлер құрама командасы Рио-де-Жанейрода (Бразилия) өткен Әлем кубогының екінші кезеңінен оралды.
Осыған орай біз аға жаттықтырушы Дмитрий Тюринмен әңгімелеспекші болдық. Ол американдық турненің қорытындысын шығарды:
- Жігіттер жақсы нәтиже көрсетті. Біз қазір жинап жатқан ұпайлар олимпиада лицензияларын алу үшін және Әлем кубогының финалына қатысуға мүмкіндік береді.
- Павел Ильяшенко таңдалды ма, әлде жоқ па?
- Жоқ, оған ұпайлар жинау қажет. Бізге 6 квалификациялық жарыстың 4-еуі қалды, бізге оларда ұпай жинау қажет. Содан соң, 1 маусымда Олимпиада ойындарына қатысушылардың тізімі жарияланатын болады. Мұндай құқық әлемдік рейтингте ұпай саны бойынша жоғары тұрған спортшыларға беріледі.
- Біздің жігіттерден кім мақсатқа жақын тұр?
- Олардың барлығы жуық шамамен тең тұр, ұпайлар арасындағы айрмашылық шағын ғана. Сондықтан кім мықтылау, кім әлсіз екендігі жөнінде айтуға болмайды. Рустем Сабирхузин, Андрей Солдатов және Павел Ильяшенконың Лондонға барға мүмкіндіктері бар. Бірақ бір ғана ерекшелік: Қазақстан квота бойынша екі лицензия ғана ала алады. Алайда үшеуінің де мүмкіндігі бар.
- Біздің атлеттер жақын арада қандай жарысқа қатысуды жоспарлап отыр?
- Ертең Алматыда қазіргі бессайыстан Қазақстанның Ашық қысқы чемпионаты басталады, оған еліміздің ерлер және әйелдер құрамасы қатысады. Содан соң жігіттер Будапеште (Мажарстан) және Ростовта (Ресей) өтетін Әлем кубогының кезеңіне қатысады. Мамыр айында Римдегі (Италия) әлем чемпионатына, кейіннен Чэндуге (Қытай) Әлем кубогының финалына барамыз. Осы уақытта біз Лондонға бару үшін лицензияларды жеңіп аламыз деп ойлаймын.
Егор Ильин