15-22 қараша кезеңінде Буэнос Айросте (Аргентина) қазіргі бессайыстан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстандық бессайыс атынан екі құрама команда шықты.
Жасөспірімдер (ерлер)
- Ильяшенко Павел
- Кошельник Дмитрий
- Соболев Герман
- Ершов Иван
Жасөспірімдер (әйелдер)
- Александрова Ксения
- Джиенбаланова Арина
- Хальзова Дарья
Жарыстардың нәтижесінде біздің спортшыларымыз қазақстандық бессайысты жақсы дәрежеде көрсете білді. Джиенбаланова Арина мен Александрова Ксения әлем чемпионатының финалына ілікті. Әлем чемпионаттарындағы қазақстандық бессайыстың соңғы жылдардағы ең үлкен жетістігі – Павел Ильященконың күміс медалі болды. Жүлделі орындар үшін қызу жарыста Павел британдық Джеймс Кукке 20 ұпайға ұтылып, ал Германияның спортшысы Александр Нобистен 4 ұпай артық алып, күміс медальді иеленді. Бұл медальдар үшін күрестің соңғы минутқа дейін жүргендігінің айғағы іспеттес, өйткені бессайысшылар соңғы кезең-комбайнда (жүгіру мен ату) гандикап жүйесі бойынша жарысты бастайды, яғни ұпайлар арасындағы алшақтықты секундқа ауыстырады, көшбасшы бірінші бастайды, үш түрден кейін қайсысының жүйкесі мықты және жүгіруге күші жеткілікті болса, солар жеңімпаз бен жүлдегер атанады.
Барлық маусым бойына Павел жақсы нәтиже көрсете білді, 7-15 қыркүйекте Москвада ересектер арасында өткен Әлем чемпионатында 11-ші болды. Бұл оған жасөспірімдер чемпионатында жоғары орынға ұмтылуына серпіліс берді. Енді осы кұміс медаль қазақстандық бессайысшы үшін үлкен сыйлық болды.
- Кук, Джеймс GBR 5880
- Ильяшенко, Павел КАЗ 5860
- Nobis Александр GER 5856
- Деметра, Бенс HUN 5816
- Ким Дэ Бом KOR 5792
- Prades, Валентин FRA 5772