11 тамыз 2012
Лондондағы 2012-Олимпиадада бессайыс бойынша турнирдің бірінші түріндегі жарыстар аяқталды. Спортшылар семсерлесуден 35 жекпе-жектен өткізді.
Қазақстандық Рустем Сабирхузин 19 жеңіске қол жеткізді және 16 жеңіліске ұшырады, нәтижесінде 10-шы орында орналасты. Қазақстанның басқа өкілі Павел Ильяшенко 25-28 жолда орналасты, оның үлесінде 15 жеңіс және 20 жеңіліс. Сабирхузин 856 ұпай, ал Ильяшенко – 760 ұпай жинақтады.
Аралық бірінші орынды чех Давид Свобода иеленіп отыр, оның ең үздік олимпиадалық нәтижесі тарихта бірінші рет 1024 ұпай. Свобода 26 жеңіске қол жеткізіп, тек 9 жекпе-жекте жеңіліске ұшырады.
Бессайысшылардың екінші жаттығуы Астана уақытымен 18:20-да болады, спортшылар жүзуден сайысқа түседі.