11 тамыз 2012
Лондондағы 2012-Олимпиадасында бессайыс бойынша турнирдың үшінші түрінен жарыстар аяқталды. Спортшылар конкурдан сынға түсті.
Қазақстандық Рустем Сабирхузин Darkland атымен 1100 ұпайды жинақтап, 24-ші орынға шықты. Ал Павел Ильяшенко Loughnatousa Romeo атымен – 1036 ұпайды жинақтап, 30-шы болды. Қорытындысында үш жаттығудан кейін Сабирхузин 3160 ұпай нәтижесімен 21-ші орында, ал Ильяшенко - 33 (3028).
Үш жаттығудан кейін алға шыққан Чехиядан Давид Свобода, оның қанжығасында 3460 ұпай.