Кеше Гаосюнде (Тайбэй, Қытай) қазіргі бессайыс бойынша Азия чемпионатында бозбалалар мен қыздар арасында сайыстар басталды.
Қазақстан құрамасының бас тренері Вадим Чудновскийдың айтуы бойынша, 2011 жылғы Азиаттық конгрессте қазақстандық делегация ұсынысынан кейін, континенттік біріншілікте мұндай жас аралығындағы спортшылардың сайысқа қатысуы алғашқы рет өткізілуде.
Бозбалалар мен қыздар Әлем чемпионаттарында 1-3 орындарға ие болып келе жатқан Оңтүстік Корея құрамасынан кейін жалпы командалық есепте екінші орынға ие болды. Бозбаларда бірінші орынға күресу мүмкіндігі болды: семсерлесу бойынша команда, оның ішінде Иван Ершов қарсыластарын ұтты. Сондай-ақ, ол соңғы сайыс түріне бірінші кетіп, соңынан Дмитрий Кошельник еріді. Өкінішке орай, олар алғашқы үштікке ілінбеді. Нәтижесінде Иван Ершов төртінші, Денис Тюрин алтыншы, Дмитрий Кошельник жетінші, Игорь Созинов он екінші болып келді.
Қыздар арасында Дарья Хальзова, Алина Курбацкая мен Еңлік Шарипова сегізінші орынды бөлісті, ал Олеся Мыльникова оныншы орынға ие болды.
Эстафета соңында құрамалардың екеуі де Оңтүстік Кореядан кейін екінші орында.
Ертең ересек спортшылар сайысқа түседі.