Қазіргі бессайыс бағдарламасында ерлердің арасында Астанадан Павел Ильяшенко жалпы сомада 4592 ұпай жинап, бірінші орынға шықты.
Алматылық Дмитрий Кошельник – 4528 ұпаймен екінші орынды иеленсе, Астана қаласының тағы бір өкілі Рустем Сабирхузин – 4500 ұпаймен үшінші орынды місе тұтты.
Өткен жарыстарда Арина Джиенбаланова қорытынды нәтижесі 3980 ұпаймен ҚР Кубогының әйелдер арасындағы жеңімпазы атанды. Ксения Александрова 3912 ұпаймен екінші орынды иеленсе, 3816 ұпай жинаған Дария Хальзова үшінші орынға шықты.
Өздерінің жас ерекшеліктеріне сай бағдарламада (комбинацияның орнына 20 атыс статистикалық ату және 1 км жүгіру) өнер көрсеткен «В» тобындағы қыздар арасында Александра Чумакова бірінші орынды иеленді. Жүзу мен жүгіруде басымдылық көрсеткен астаналық Ольга Бойко болды. Үшінші орынды Астанадан келген Диана Иванова қанжығасына байлады.
ҚБФК баспасөз қызметі
тел:740718