11 мамыр 2013
Венгриядағы Қазіргі бессайыс бойынша Әлем кубогының кезеңінде қазақстандық Арина Джиенбаланова әйелдер арасында жеке біріншілік жарыстарында 9 орын алып, мықты 10 спортшылардың қатарына кірді.
Арина комбайнда (жүгіру+ату) жақсы көрсеткіштер көрсетіп, жалпы 5168 ұпай жинап, екінші орын алды. Жақсы көрсеткіштер біздің спортшымызға Қазіргі бессайыс бойынша Әлем чемпионатында Қазақстанның намысын қорғауға мүмкіндік береді. Жарыс жеңімпаздары болып украиндық спортшылар Анна Буряк (5404 ұпай) пен Виктория Терещук (5360) және британдық Майри Спенс (5292 ұпай) атанды.
Біздің басқа спортшымыз Андрей Солдатов техникалық себептер бойынша (ату кезіндегі нысананың ақаулығы) жарыстың мәрелік бөлігіне өте алмады.