Алматы облысында өтіп жатқан бессайыс бойынша А.Иманов халықаралық турнирінде В тобындағы жасөспірім ерлер арасындағы жарыстарда Қазақстан бірінші командалық орынды иеленді.
Қазақстандық команда сомасында 11 мың 804 ұпай жинады. Неғұрлым көп ұпай Павел Котковта - 4048. Команда құрамында сонымен қатар Артем Дроботов (3980) пен Руслан Бессонов (3776) қатысты.
Жалпыкомандалық есепте екінші орынды Қырғызстан өкілдері иеленді. Ал «қола» сондай-ақ қазақстандықтардың еншісіне тиді: Ильяс Нұрахан 3724 ұпай, Семен Котенко - 3676, Мухаммед Али Нурахан – 3476 ұпай жинады.
Ерлер арасындағы жарыстарда бірінші орынды иеленген қазақстандық - Лондондағы олимпиада ойындарына қатысушы Павел Ильяшенко, ал әйелдер арасында «алтынды» қазақстандық Арина Джиенбаланова иеленгенін естеріңізге саламыз.