Қазіргі бессайыс, пентатлон – бір кешенде бес әр түрлі спорт түрінің бірегей үйлесуі. Ол бағыттылығы және рухы бойынша әр түрлі болып табылатын семсерлесу (эмоция, төзімділік, реакция шапшаңдығы), жүзу (дене шыдамдылығы), конкур (бейтаныс атпен тіл табыса білу), жүгіру және ату (дене төзімділігін, тыныс алуды қадағалау мүмкіндігін, қол шыдамдылығын, сондай-ақ психологиялық төзімділікті талап ететін күрделі құрастырылған бағдарламаның түрі) сияқты спорт түрлерін біріктіреді.
Спорттық бессайыс идеясының өзі жаңашылдық емес. Ежелгі Грециядағы олимпиада және басқа да атлетикалық ойындардың бағдарламасына жүгіру, күресу, ұзындыққа секіру, найзаны және дискіні лақтырудан тұратын пентатлон да («бес сайыс» деген ұғым) кірген. Сол кездегі шебер жауынгердің бойында осыған сәйкес дағдылар міндетті түрде болуы тиіс еді, сондықтан осы бағдарлма түрінен Олимпиадада жеңіске жету неғұрлым құрметті болды.
Ең алғаш рет қазіргі бессайыс бойынша жарыстар XIX-ғ. 2-ші жартысында Швецияда өткізіле бастады. Кейіннен басқа де елдерде офицерлік бессайыс (сол кездегі офицердің әскери дайындығының мәнін көрсететін, бірнеше спорт түрлерінен (салт атпен жүру, семсерлесу, ату, жүзу, жүгіру) тұратын спорт кешені) бойынша жарыстар өткізіле бастады. 1912 жылдан бастап П. де Кубертеннің бастамасы бойынша ол әзірлеген офицерлік бессайыс кешені Олимпиада ойындарының басғдарламасына енгізілді.
Бессайыс тарихындағы ең алғашқы чемпион – швед Густаф Лилиехёк, ол 32 қарсыласының алдын орап шықты. 1948 жылға дейін сол кездері «офицерлік олимпиадалық бессайыс» деп аталған қазіргі бессайыс бойынша жарыстарға тек қана офицерлер қатыса алған (мысалға, 1912ж. Олимпиада ойындарында АҚШ-тың атынан Джордж С.Паттон шыққан, ол болашақта Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты қолбасшысы болды). Ал жарыстың өзі атында тұрғанындай, тек олимпиада шеңберінде ғана өткен. 1948ж. қазіргі бессайыстың Халықаралық одағы (UIPM) құрылды. Оның негізін салушылардың бірі және бірінші президенті Густаф Дирссен (Швеция), кезінде олимпиада чемпионы болған (1920).
Ал 1949 жылы жаңа Одақтың бастамасымен Стокгольмде қазіргі бессайыс бойынша бірінші әлем чемпионаты өтті, онда швед Таге Бьюрефельт жеңімпаз атанды. Оның жеңіске жетуі заңды болды, өйткені 1912 жылдан бастап 1956 жылға дейін үнемі Швецияның бессайысшылары жеңімпаз болған (бір рет қана – 1936ж. жеңіске Германия өкілі жетті). Жалпы алғанда, бессайыс бойынша жеке есепте швед спортшылары 9 рет жеңіске жеткен.Бұл ретте Ларс Халл екі рет олимпиада ойындарында жеңді (1952 және 1956), ол 1950 ж. өзінің жетістігін бір жылдан соң қайталаған әлемнің «азамат» чемпионы болды.
1950 жылы бессайыста маңызды өзгерістер болды. Алдыңғы шепке Мажарстан мен КСРО спортшылары шықты. Олар 1952 жылдан бастап 1992 жылға дейін Олимпиада ойындарының бағдарламасына кірген командалық ойындарда (жалпы командалық нәтиже командадағы әрбір қатысушының жеке көрсеткіштерінің қосындысы) басқаларға қарағанда жиірек (4 рет) жеңіске жетіп отырды.
Мажарстан өкілдері сонша рет жеке олимпиадалық атақты жеңіп алды. Ерекше атап өтетін Андраша Бальцо, ол 1972ж. олимпиада чемпионы және жеке есептегі әлемнің 5 дүркін чемпионы. Олимпиадаларда үш рет бірінші орын алған – КСРО (Ресей) өкілдері: Анатолий Старостин (1980), Дмитрий Сватковский (2000) и Андрей Моисеев (2004). Біздің спортшылардың үлесінде ӘЧ-дегі жеке жеістері де бар. Бұл ретте Игорь Новиков пен Павел Леднёв 4 рет әлемдік атақты жеңіп алды. Леднев өзіндік әлемдік жетістікке жеткен спортшы: 1980 жылы 37 жасында КСРО командасының құрамында екінші олимпиада «алтынын» жеңіп алып, ол бессайыс тарихындағы ең ересек Олимпиада чемпионы болды.
Командалық жарыстарда Әлем чемпионаттарында барлығынан көп жеңіске жеткен – Мажарстан бессайысшылары – 17 рет, олардан кейін КСРО атлеттері -14 рет.
1970 жылы Польша бессайысшылары көзге түсе бастады, кейіннен олардың қатарына Ұлыбритания, Чехословакия, Италия және Франция спортшылары қосылып, швед шеберлері де өздерін мәлімдеді. 1970-2000жж. бессайыс шеберлерінің қатарында - Януш Пычак-Печак пен Аркадиуш Скржипяжек (екеуі де – Польша), Даниеле Масала (Италия), Себастьен Делейн (Франция), Андреюс Заднепровскис (Литва) және т.с.с.
1981 жылдан бастап әйелдер арасында Әлем чемпионаттары өткізіле бастады. Алғашқы чемпион атанған Анне Альгрен (Швеция). Бәрінен артық (4) жеке атаққа жеткен даниялық Ева Фьеллеруп. Әлем чемпионатында 3 рет жеңіске жеткен әйелдер бессайысының қазіргі көшбасшыларының бірі - Сюзанна Ворош (Мажарстан). Кеңес спортшысы Ирина Киселева екі рет жеңімпаз болды (1986, 1987). Командалық есепте Польша спортшылары алдына жан салмай келеді: 9 жеңіс. Ұлыбритания өкілдері 6 рет, кеңестік спортшылар – 4 рет жеңімпаз атанған.
Әйелдер бессайысы олимпиада бағдарламасына 2000 жылдан бастап енді. Сиднейде жеңімпаз атанған Стефани Кук (Ұлыбритания), ал Афиныдағы Олимпиадада – Сюзанна Ворош болды.