2015 жылғы 7 маусымда Қазақстандық Қазіргі бессайыс Федерациясы Қызылорда филиалының жаттықтырушысы Белых Илья Владимирович кенеттен қайтыс болды.

 

Біз ұлымыздан, досымыздан, спорт саласындағы үздік маманнан айырылдық, ол 2012 жылы алғашқылардың бірі болып қазіргі бессайысты жастар арасында тарату үшін өңірлерге аттанған болатын.

Белых Илья Владимирович 1992 жылы 5 мамырда Алматы қаласында дүниеге келді. Жеті жасында спортпен шұғылданды, белсенді түрде суға жүзумен айналысты және 2006 жылы Суға жүзу бойынша спорт шебері нормативін орындады. 2009 жылы «Жасөспірімдер арасындағы Бірінші Азиада Ойындарында» (Сингапур қ.) күміс медаль иеленді. 2009 жылғы жазда Жапонияда (Токио қ.) суға жүзу бойынша жасөспірімдер  арасында Азия чемпионатының жеңімпазы атанды, ол онда екі алтын медаль иеленіп, жарыстар рекордын орнатты. 2009 жылғы қыркүйек айында Вьетнамда (Ханой қ.) жабық үй-жайларда өткен «Үшінші Азиада Ойындарында» эстафеталық команданың құрамында үш дүркін алтын медаль иегері атанды.

2010 жылғы желтоқсанда қола жүлдегер атанып, оған қоса «Жүзуден Халықаралық сыныптағы Спорт шебері» нормативін орындады.
ҚХР - дағы (Гуанчжоу қаласы) «17-жылдық Жазғы Азия ойындарында» 4х100 метрге құрамдастырылған жүзу эстафеталық команда құрамында жүлдегер атанды.

2012 жылғы қыркүйекте Қызылорда қаласына жіберіліп, онда Қазіргі замандағы бессайыстың негізін қалады, 10-12 жастағы 80 баладан құралған бөлімше құрды. Жаттықтырушы бола жүріп, Ильяның шәкірттері жеңіл атлетика бойынша жарыстардың жүлдегерлері атанды. 2012 жылғы желтоқсанда команда «В» жасөспірімдер тобында (қарсыластары 3-4 жас үлкен әрі көптен бері айналысып жүргендер) шығып, жақсы нәтиже көрсетті.

Оның жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады.

Қазақстандық қазіргі бессайыс федерация баспасөз қызметі