Соңғы сәтке дейін Қазақстанның бессайыс бойынша ерлер құрамасының барлық тәлімгерлері біздің екінші спортшымыздың Олимпиада ойындарына өтетініне үміттенген еді.

Енді міне, 15 маусым күні Қазіргі бессайыстың халықаралық федерациясы лицензия иегерлерінің түпкілікті тізімін жариялады. Барлығымыздың қуанышымызға қарай, олардың ішінен біздің ең тәжірибелі атлетіміз Рустем Сабирхузин орын алды.

Мұрағат
Рустем Сабирхузин –  қазіргі бессайыс бойынша Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі. 1978 жылы 4 қаңтарда Уфада (Россия) туылған.
Жетістіктері: 
2004,2005 ж әлем чемпионы;

1999, 2000, 2003, 2005 жж. эстафетада әлем чемпионаттарының жүлдегері;
2000,2007 жж. Еуропа чемпионы;

2000-2004жж. Ресей чемпионы;
2003ж.- Әлем кубогының иегері;
Қазақстан чемпионаттарының жеңімпазы мен жүлдегері.

 

Рустем одан бұрын өткен Павел Ильященың қатарына қосылды. Осылайша, енді олардың екеуіне осы айда өтетін төртжылдықтың басты жарысында біздің еліміздің намысын қорғау міндеті жүктеліп отыр.
Рустем болса, жаттықтырушылардың есебі бойынша олимпиадалық рейтингтің 113 ұпайы бар 33-ші орынымен лицензия алуы тиіс еді, алайда алдын ала жарияланған тізімде өзінің аты-жөнін таба алмаған соң, Уфаға үйіне кетіп қалмақшы болып, сол жақта түпкілікті тізімнің нәтижесін күтпекші еді. Ақыр соңында жаттықтырушылардың жуық есебі дұрыс болып шықты және Рустем өз мансабында үшінші рет олимпиадаға қатысатын болды. Осыған орай, біз онымен сұхбаттасуды жөн көрдік.
 

– Қазіргі бессайысқа қалай келдіңіз, сол жөнінде әңгімелеп беріңізші.
– Менің әкем мен 8 жасқа толғанда қазіргі бессайысқа әкелді, оған дейін 1 жыл мен жүзумен айналысқан болатынмын.

– Сіздің бірінші жаттықтырушыңыз Вадим Чудновский да сіз сияқты Қазақстанда тұрады және жұмыс істейді, ол туралы не айта аласыз?
– Вадим Максович мені бала кезімнен біледі. Ол туралы ойланбастан айтатын ойым - ол адам ретінде де, жаттықтырушы ретінде де көрнекті тұлға.
 

Күні кеше ғана Пекиндегі Олимпиада ойындарында сіз Россия құрамасының мүшесі болдыңыз. Неге Қазақстанның атынан шығуға бел будыңыз?
– Бұдан бірнеше жыл бұрын маған сіздің елдің атынан шығу туралы ұсыныс келіп түсті. Біраз ойланған соң, Қазақстанның атынан шығуды мен өзім үшін болашағы бар ұсыныс деп шешім қабылдадым.
– Сіздің туыстарыңыз және жақындарыңыз, достарыңыз, құрама бойынша серіктестеріңіз осы шешіміңізге қалай қарады?
– Менің ойымша, түсіністікпен. Әрбір адамның өмірінде таңдау жасайтындай осындай бір сәт болады – мансабыңды жалғастыру не болмаса негізі құрамаға кіре алмаған соң оны оны аяқтау.

Міне, бірнеше жыл қатарынан сіз Қазақстанда тұрып жатырсыз. Сіздің жаттығуға арналған жағдайларға көңіліңіз тола ма?

– Жағдай жаман емес, бірақ процестің өзі жаңа ғана «жөнделген рельс» қалпына түсіп келе жатыр. Менің ойымша, «көш жүре түзеледі» демекші, біраз уақыттан кейін жақсы нәтижелерге де қол жеткізетініміз анық.
Жалпы алғанда сізге осында ұнайды ма? Азаматтығыңызды ауыстырғаныңызға өкінбейсіз бе?
– Маған барлығы да ұнайды, сондықтан еш өкінбеймін. Бірақ туған жерімді қатты сағынамын.
– Өткен жылы Азия чемпионатында сізге лицензияны алу үшін бір ғана орын жетпей қалды. Осы жағдайға сол кезде қатты қапаландыңыз ба?
– Бір жағынан – иә, бір жағынан – жоқ. Бұл спорт қой, мұнда түрлі жағдайларға дайын болу керек, сондықтан да мен лицензия үшін күресті одан әрі жалғастырдым.

– Лазерлік қаруды енгізу сол нәтижеге қатты әсер етті ме?
– Біз қарудың осы жаңа түрімен жаттықпағандықтан, дайын болған жоқпыз. Осы бөлік басқаларына қарағанда ең әлсіз болды.
Сол жылы күзде сіз Россиядағы әлем чемпионатына қатыстыңыз. Сіздің ойыңызша, сонда финалға шығуға не кедергі
болды?

– Менің ойымша, психологиялық тұрғыдан көңілім болмады. Мүмкін, осы жарысқа оңтайлы дайындықсыз келген шығармын, сондықтан да тиісті дәрежеде нәтиже көрсете алмаған шығармын.
– Сіздің Россия құрамасындағы бұрынға серіктестеріңіз сіздің қарсыластарыңыз болды. Сіз олармен жарысуға ерекше бір дайындық жасадыңыз ба?
– Біздің спорт түрінде россияндықтардың тұғыры өте жоғары. Ал осындай байыпты атлеттермен жарыс өте күрделі дайындықты талап етеді.
Осы жылы сіз Әлем кубогының төрт кезеңіне де қатыстыңыз. Олар туралы қысқаша айтып өтсеңіз.
– Барлық кезеңдер өте қиын болды. Оған өте көп мықты спортшылар қатысты, сондықтан да спорттың бір түрінен жіберілген қатенің құны бірнеше есе өсіп отырды. Бұдан басқа, көңіл-күйдегі күйгелектік қатар жүрді. Ұшақпен ұзақ ұшу және сағат белдеулерінің өзгеруі де біздің жағдаймызға кері әсерін тигізді. Жарысқа бар күшімізді салуға тура келді.

–Сіздің ойыңызша, Шарлотта мен Ростовта финалға ілкпеуге не себеп болды?
– Бірінші жағдайда – ұзақ жарыстық тәжірибенің болмауы, ал Ростовта комбайнда күшімді дұрыс бөлмегендік себеп болды деп ойлаймын.

– Сіз Римдегі әлем чемпионатындағы өз жарысыңызды қалай бағалар едіңіз?
– Ростовтан кейін күшімді қалпына келтіре алмадым. Римдегі жартылай финалға бар күшімді салып, финалға не күшім, не эмоциям да жетпей қалды.

Сіз үшін шешуші болған Әлем кубогына қалай дайындалдыңыз?

–Алдағы жарыс туралы барлық ойларды басымнан алып тастауға тырыстым, жай ғана алаңға шығып, қолымнан келетінді көрсетуге әзірлендім.

– Олимпиадаға іріктелгендердің алдын ала тізімін жариялаған уақытта сіздің реакцияңыз қандай болды?

– Өмір барлығына үйретеді, тіпті бір нәрсе ойдағыдай болмай жатса, соған философиялық тұрғыдан қарау керек.

Сіздің түпкілікті тізімге ілігуге үмітіңіз болды ма? Өзіңіздің тізімде бар екендігіңізді білгенде, қуандыңыз ба, әлде солай болуы тиіс еді деп бірқалыпты болдыңыз ба?

– Әрине, соңына дейін үмітімді үзбедім. Осыған орай, Олимпиадаға іріктелгендердің тізімін тағатсыздана күттім. Төртжылдықтың маңызды ойынында жарысқа қатысатыныма қуаныштымын.

– Лондондағы Олимпиада сіз үшін үшінші болады, содан кейін сіз Қазақстанның атынан одан әрі шыға бересіз бе, әлде өз мансабыңызды осымен аяқтайсыз ба?

– Мансабымды аяқтау туралы осы уақытқа дейін ойланған емеспін. Сондықтан одан әрі Қазақстанның атынан жарыстарға шыға беремін.
 

Конкур бессайыстың ең қиын түрлерінің бірі .

 

Қай жерде жарысқан қиындау: жеке есепте ме, әлде командалықта ма?

– Мен үшін жеке есепте қиындау, өйткені мен командалық күрескермін.
– Бессайыстың бес түрінің қайсысы сізге көбірек ұнайды?

– Ерекше басымдылықпен бір түрді атай алмаймын. Ең жоғары нәтижеге жету үшін барлық бес түрден біркелкі нәтиже көрсету қажет.

Бессайысшылар арасында сіздің үлгі тұтатын спортшыңыз бар ма?
– Айқын біреуі жоқ, бірақ 90-жылдарда жарысқан спортшылар легіне таңым бар.

– Сіздің қол жеткізген атақтарыңыздың ішіндегі ең құндысы қайсысы?
– Осы сәтте 2003 жылғы Әлем кубогындағы жеңіс. Менің ойымша, осы нәтижені жақсартуға ұмтылу қажет.

– Сіздің халықаралық тәжірибеңіз өте үлкен. Сіз қалай ойлайсыз, Қазақстан қазіргі бессайыстың әлемдік көшбасшыларымен тең дәрежеде бәсекелестікке түсе алады ма?

– Әрине. Қазақстанда бессайыстың дәстүрлері мықты. Қазір осының бәрі қайтадан жаңғыртылып жатыр. Ал қазіргі басшылықпен және жаттықтыру процестерін сауатты жүргізген жағдайда жоғары көрсеткіштер міндетті түрде болады.
– Сіздің кәсіби қызметіңізбен байланысты бір қызықты оқиғаны еске түсіре аласыз ба?
– Біздің барлық өміріміз биіктен көріну және төменге құлдырау сияқты қызықты оқиғалардан тұрады ғой.

 

Рустем Сабирхузинның осы жылдағы көрсеткіштері

орын

жарыс

раунд

ұпай

14

Шарлоттадағы (США) Әлем кубогының кезеңі

В біліктілігі

7

16

Рио-де-Жанейродағы (Бразилия) Әлем кубогының кезеңі

Финал

32

17

Сазхаломбатте (Венгрия) Әлем кубогының кезеңі

Финал

31

20

Ростовтағы (Россия) Әлем кубогының кезеңі

Квалификация В

8

30

Римдегі әлем чемпионаты (Италия)

Финал

26

11

Чэндудегі (Китай) Әлем кубогының финалы

Финал

50


   Егор Ильин