13 шілде 2025. Александрияда (Мысыр) UIPM 2025 Pentathlon Relay World Championships аяқталды.
Senior, Junior және U19/U17 деңгейлеріндегі эстафеталарды біріктірген турнир қазіргі бессайыс әлемінің нағыз күш сынасына айналды. Жарыс қорытындысы бойынша Халықаралық қазіргі бессайыс одағы (UIPM) медальдардың кең географиялық ауқымын ерекше атап өтті: жүлдемен қайтқан елдер қатарына Қазақстан өкілдері де сенімді түрде енді.
Ұлттық құрама үшін турнирдің басты нәтижесі — жақын резервтің жеңісі болды. Бір қатысушының қателігі команда нәтижесіне тікелей әсер ететін жоғары бәсекелестік жағдайында U17 санатындағы қазақстандық атлеттер (17 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар) жоғары жеке дайындықтарын ғана емес, сонымен қатар тактикалық кемелдіктерін де көрсетті.
Біздің спортшылар құраманың болашақ жеңістері үшін берік іргетасы бар екенін дәлелдеп, үш рет тұғыр биігіне көтерілді:
- Ерлер эстафетасындағы «Күміс»: Нұрғали Өмірсерік пен Тамерлан Төлегенов жұбы тек жарыс қожайындары – Мысыр құрамасына есе жіберіп, қашықтықта нағыз жауынгерлік мінез танытты.
- Әйелдер эстафетасындағы «Күміс»: Яна Беспалова мен Ажар Болат та вице-чемпион атағына қол жеткізіп, қазақстандық бессайыс мектебінің жоғары деңгейін растады.
- Аралас эстафетадағы (Mix) «Қола»: Чехия мен Мысыр командаларынан кейінгі үздік үштікті түйіндеп, Тамерлан Төлегенов пен Ажар Болат құрама қоржынын үшінші медальмен толықтырды.
Ұлттық құрама үшін эстафеталық форматтағы әлем біріншілігінің медальдары — бұл құрам тереңдігінің негізгі көрсеткіші. Жаөспірімдер құрамасының табысы тығыз жарыс кестесіне төтеп бере алатын және әлемдік аренада жоғары дәрежелі медальдар үшін күресе алатын резервті даярлау сапасын айқын көрсетеді.
Федерацияның бас серіктесі – «Samruk Kazyna» АҚ, серіктесі – «SportQory» туризм және спорт индустриясын қолдау қоры.





