Маусым айының басында Қазіргі бессайыстың халықаралық федерациясы төртжылдықтың басты жарысына қатысатын бақытты спортшылардың тізімін жариялады. Осы есепте өзінің аты-жөнінкөрген атлеттердің бірі – Павел Ильященко болды.

Мұрағат

Павел Ильяшенко –  бессайыс бойынша Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі.

1990 жылы 23 маусымда Уфа қаласында (Россия) туылған.

Жетістіктері:

  • Буэнос-Айрестегі, Аргентина (2011 г) жасөспірімдердің әлем чемпионатының күміс жүлдегері ,

  • 2012 ж.ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатының жеңімпазы

  • 2010ж. жасөспірімдер арасындағы чемпионат жеңімпазы;

  • 2010 ж.ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері;

  • 2011ж. Азия чемпионатында 9-орын;

  • 2011ж. әлем чемпионатында 11-орын;

  • Ростовтағы әлем кубогында 4-орын.

 

Осы спорт түрінен бір ғана лицензияны Қазақстан ұлттық құрамасының ең жас спортшысы жеңіп алды. Бүгінгі таңда ол 21 жаста. Осы жастығына қарамастан, ол барлық халықаралық жарыстарда тұрақты нәтиже көрсете білді, соның есебінен алдына қойылған міндетті де шеше білді, яғни Лондонға жолдама жеңіп алды. 142 ұпайы бар Павел олимпиада және әлем рейтингтерінде 20-жолда орын алды. Әлем кубоктары рангтерінің табелінде 92 ұпай алып және 3 тұғырға жоғары көтерілді. Қазіргі уақытта лицензиялық жарыс аяқталды, бессайысшылар үйге оралды.

Павелді қарсы алып, біз оның жарыстары, болашағы және бірінші Олимпиада ойыны туралы сұхбат алуды жөн көрдік.

- Әңгімемізді бастамас бұрын, Павел, сізді Лондонға жеңіп алған жолдамамыңызбен құттықтаймыз.
- Рахмет, бұл менің нәтижелі жұмысымның қорытындысы деп білемін.

- Сіз Қазақстан ұлттық құрамасы мүшелерінің ішінен Лондонға жолдама жеңіп алған жалғыз ғана спортшысыз. Осы жөнінде не айтасыз?
- Мен осы нәтижеме өте ризамын, өйткені көп жұмыс істеп, осы нәтижеге жыл бойы ұмтылдым.

- Егер ең басына оралатын болсақ, бұл сіз үшін қиын жыл болды ма?
- Сондай қиын болмады, тек осындай жоғары деңгейдегі жарыстарға қатысу тәжірибем болмады. Бірақ, бәрі де шынайы. Алайда ол үшін мен әрбір жарысқа тиянақты дайындалып, әрқайсысына бар күшімді салып, ең жоғары ұпайды жеңіп алуға тырыстым. Нәтижесін көріп отырсыздар, табысты болды.

- Осы жөнінде құрама командаларының басқа мүшелері не ойлайды? Сіз үшін қуанышты ма?
- Олар мен үшін қуанышты деп ойлаймын. Олардың менімен бірге Лондонға бара алмайтындығы өкінішті-ақ. Меніңше, , Рустем Сабирхузин мен Андрей Солдатов Олимпиада ойындарында жақсы нәтиже көрсете алар еді.

- Сізді туыстарыңыз бен жақындарыңыз құттықтап үлгерді ме?
- Иә, анам бірінші болып құттықтады, ол әрқашан бәрін білім отырады. Ол менің ойындарымды онлайн көріп, бақылап отырады. Ол барлығына хабарлап, кейіннен басқалары да менің қуанышым туралы білді.

- Олар сізге жолға қандай жақсы тілектер айтты?
- Әзірге ертерек деп ойлаймын, тек Ойын жақындағанда ғана олар жолға тілек айтар, ал әзірше тек лицензияммен құттықтап жатыр.

- Сіз Лондонда қандай дәрежеге жетемін деп ойлайсыз?
- Мұндай сұраққа жауап бере алмаймын, тек шамамнан келгеннің бәрін жасаймын. Ақтық нәтиже туралы айту әлі ертерек шығар.

 

Әлем кубогының финалында конкурдан жарыс

- Лицензия алған спортшылардың тізімін жариялағанда, сіздің алғашқы реакцияңыз қандай болды?
- Мен қатты қуандым, сосын менің бойымда бұдан да жақсы жаттығуға деген ықылас пайда болды?

- Олимпиадаға қалай және қайда дайындалатын боласыз?
- Әзірше осында, Қапшағайда дайындаламыз, Ойын жақындағанда Джонковқа (Польша) барамыз.

- Қапшағайдағы база туралы айтып бере аласыз ба? Ол әлемдік стандарттарға сәйкес келеді ме?
- Әлемдік стандарттарға толығымен сәйкес емес шығар, бірақ жазғы уақытта жарысқа дайындалуға жарайды. Сондықтан осы уақытта пайдаланымыз.

- Семсерлесуге дайындық қалай өтіп жатыр, бір уақыттарда сіз осы түрден қалыс қалып жүр едіңіз ғой.
- Семсерлесуден нәтижені әлемдік деңгейге жеткізу үшін көп жаттығу қажет және қазіргі бессайыс көшбасшыларымен жарысу қажет деп ойлаймын.

- Лазерлік қаруға үйрендіңіздер ме? Ол қиындық туғызбайды ма?
- Шама-шарқын үйреніп қалдық, алайда одан барлығын күтуге болады. Сондықтан мен «комбайнға» (жүгіру мен ату) тиянақты дайындаламын.

 

Семсерлесуден жекпе-жекті туралы

- Осы жылы сіз Әлем кубогының 4 кезеңіне қатыстыңыз. Олардың әрқайсысы туралы қысқаша айтып бере аласыз ба?
- Осыншама аз уақыттың ішінде соншама көп жарысқа мен бірінші рет қатыстым. Бұл қаншама күшті талап етті. Ал әрбір жарыс өткен соң, күш те біртіндеп азая береді екен.

- Шарлоттадағы кезеңде финалға неге өте алмадым деп ойлайсыз?
- Осы жарысқа дейін біз Колорадо Спрингста (АҚШ) жаттыққан болатынбыз, онда биік таулар. Осындай жағдайларда мен бұған дейін жаттыққан емеспін. Сондықтан болар, менің ағзам барлық жүктемелерді қорыта алмады. Осының нәтижесінде финалға өте алмадым деп ойлаймын. Сонымен қатар, қатысушылар саны да көбейіп, бәсекелестік те өсіп кетті.

- Ростовта сіз 4-ші орынды иелендіңіз. Ол кезде сіз тамаша формада болдыңыз. Оның құпиясы неде?
- Біріншіден, семсерлесуден мен алғашқы бестікке кіре алдым, екіншіден, маған жақсы ат кездесті (Бессайысшыларға ат жарыста беріледі ұйымдастырушыдан). Менің атым ең мықтылардың бірі болды.

- Сіз Римдегі әлем чемпионаты мен Чэндудегі әлем кубогында қандай болдыңыз деп бағалар едіңіз?
- Осы жарыстарға мен ерекше баптанған жоқпын. Римдегі әлем чемпионатында семсерлесуден 3-ші болдым, ал үш түрден кейін 7-ші болып келе жаттым, жалпы 3-ші орынды үміттенгенмін. Алайда, атудан нашар көрсеткіштер болып, 14-ші орыннан бірақ шықтым. Әлем кубогының финалында семсерлесу жүрмеді, өйткені жақсы жаттығу үшін қарсыластар болмады. Қорытындысында 21-ші болып, екінші ату және километрден кейін 10-шы, 3-ші атуды мүлде жүзеге асыра алмадым. Қатты қобалжу мені 18-ші орынға әкелді.

- Ресейліктер мен италияндықтардың қатарынан 4 спортшы Олимпиадаға квалификацияланды. Неліктен біз осындай дәрежеге жете алмадық деп ойлайсыз?
- Рейтинг бойынша олар квотадан асып та кетті, өйткені әр елден тек қана 2 ер, 2 әйел спортшы ғана шыға алады. Біздерде ондай тұрақты нәтижелер жоқ.

- Сіз ресейліктермен тең дәрежеде күресе алатыныңызды сезінесіз бе?
- Иә, мен оны сезініп тұрмын және те ол мені қуантады.

- Неліктен ресей азаматтығын қазақстандыққа ауыстырғандығыңыздың себебін түсіндірерсіз?
- Менің қазіргі бессайыспен айналысуды одан әрі жалғастырғым келді. Ресейде құрама командаға енуге менің мүмкіндігім болған жоқ.

- Сіз бірнеше жыл қатарына Қазақстанда тұрып келесіз. Ұнайды ма сізге? Көшіп келгеніңізге өкінбейсіз бе?
- Сол кезден бастап бір жарым жыл өтті. Жалпы маған бәрі де ұнайды, өкінетін ештеңе жоқ.

- Олимпиадада сәтсіздіктер болған жағдайда, Қазақстанның атынан одан әрі жарыстарға қатыса бересіз бе?
- Олимпиаданың қорытындысына қарамастан, мен Қазақстанның атынан одан да әрі қатыса беремін.

 

 

 

Осы тақырыпқа түсініктемелер:

Қазақстанның ерлер құрама командасының бас жаттықтырушысы Дмитрий Тюрин:

- Көктемгі кезеңде олимпиада лицензияларын жеңіп алуға үміткерлер 6 жарысқа қатысты, олардың басты мақсаты рейтингтік ұпайлар жинау болды. Мұндай қатаң сұрыптаудан тек нағыз кәсіпқойлар ғана өте алады, өйткені тек 36 мықты бессайысшылар Лондонға жолдама ала алады.

Осындай сұрыптаудың басты шиеленісі – тек үш жарыстың ең үздік нәтижелері рейтинг есебіне кіреді және соңғы стартқа дейін әрбір спортшы өзінің жағдайын түзете алады. 1 маусым күні Қазіргі бессайыстың халықаралық федерациясы Олимпиада ойындарына қатысушылардың алдын ала құрамын жариялады, мұнда Павел Ильяшенко рейтинг ұпайларының саны бойынша лицензия алды. Біздің спортшыларымыз, басшылық және жаттықтырушылар ұжымы барлық күштерін салып, алға қойылған міндетті шеше білді деп есептеймын. Олимпиада қатысушыларының соңғы құрамын жариялау үшін аз уақыт қалды (15 маусым). Осыған орай біздің екінші атлетіміз де жолдама алады деген үмітіміз бар. Олимпиада ойындары – тосынсыйлары көп, вице-чемпиондары жоқ ерекше жарыстар. Сенімді болжамдар жасау мүмкін емес, біздің спортшыларымыздың дайындық деңгейі жақсы нәтиже күтуге негіздеме береді.

Павел Ильяшенконың осы жылғы көрсеткіштері:

м

Жарыстар

раунд

ұпайлар

20

Әлем кубогының кезеңі , Шарлотта (АҚШ)

Квалификация С

1

32

Әлем кубогының кезеңі, Рио-де-Жанейро (Бразилия)

Финал

16

20

Әлем кубогының кезеңі , Сазхаломбатте (Венгрия)

Финал

28

4

Әлем кубогының кезеңі , Ростов (Россия)

Финал

48

14

Әлем чемпионаты, Рим (Италия)

Финал

44

18

Әлем кубогының финалы , Чэнду (Китай)

Финал

38

 


   Егор Ильин