Осы Заң дене шынықтыру және спорт саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, бұқаралық дене шынықтыру, әуесқойлық және кәсiпқойлық спорт қызметiн қамтамасыз етудiң және оларды дамытудың құқықтық, ұйымдық, экономикалық және әлеуметтiк негiздерiн белгiлейдi.

1-тарау. Жалпы ережелер

       1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
       1) Арнайы олимпиада - мүгедектер мен ақыл-есiнiң мүмкiндiгi шектеулi адамдар қатарындағы спортшылар арасында өткiзiлетiн халықаралық қысқы және жазғы жарыстар;

       2) әуесқойлық спорт - азаматтардың дене тәрбиесiнiң жалпы жүйесiндегi өзiнiң спорт шеберлiгiн жетiлдiруге және спорттың әр түрiнде жоғары нәтижелерге жетуге мүмкiндiк беретiн сан қырлы бұқаралық спорт қозғалысы

       3) бас жаттықтырушы - Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасына басшылық жасауға, спорт түрi бойынша әлем чемпионаттарында, Азия және Олимпиада ойындарында және басқа да халықаралық жарыстарда оның даярлығына, қалыптасуы мен сайысқа түсуiне жауап беретiн жаттықтырушы;

       4) бұқаралық спорт - дене жаттығуларымен айналысуға тарту және спорттың әр түрiндегi талантты спортшыларды анықтау мақсатында халық арасында дене шынықтыруды дамытуға ықпал ететiн бұқаралық спорт қозғалысын бiлдiретiн дене шынықтырудың бiр бөлiгi;

       5) бұқаралық спорт iс-шараларының күнтiзбесi - дене шынықтыру-спорт ұйымдарының оқу-жаттығу жұмысын күнтiзбелiк жылға жоспарлауы мен өткiзуiн регламенттейтiн ресми құжат;

       6) дәрiгерлiк-дене шынықтыру диспансерi - дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдарды медициналық қамтамасыз етуге, дәрiгерлiк бақылауға, емдiк дене шынықтыруға және оңалтуға арналған медициналық ұйым;

       7) дене тәрбиесi - денi сау, дене бiтiмi және рухани жағынан жетiлген, моральдық жағынан табанды жеткiншек ұрпақты қалыптастыруға, адамның денсаулығын нығайтуға, жұмыс қабiлетiн арттыруға, шығармашылық ғұмырлылығы мен өмiрiн ұзартуға бағытталған педагогикалық процесс;

       8) дене тәрбиесiнiң құралдары - дене шынықтыру жаттығулары, табиғаттың сауықтыру күштерi және гигиеналық факторлар;

       9) дене шынықтыру - мәдениеттiң ажырамас бөлiгi, адамның дене бiтiмiн дамыту, оның денсаулығын нығайту мақсатында қоғам жасайтын және пайдаланатын, адамның үйлесiмдi дамуына ықпал ететiн рухани және материалдық құндылықтар жиынтығы болып табылатын әлеуметтiк қызмет саласы;

       10) дене шынықтыру (дене шынықтыру-спорт) қозғалысы - халықтың дене шынықтыру деңгейiн арттыруға, жеке және заңды тұлғалардың дене шынықтыру мен спортты дамыту жөнiндегi нысаналы қызметiне жәрдемдесетiн әлеуметтiк қозғалыс нысаны;

       11) дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган - дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

       12) дене шынықтыру және спорт жүйесi - халықтың дене тәрбиесi мен спортты дамыту мақсатындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелердiң және өзге де заңды тұлғалардың жиынтығы;

       13) дене шынықтыру және спорт саласындағы аккредиттеу - дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi органның спорт түрi бойынша республикалық қоғамдық бiрлестiктiң тиiстi халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасын бiлдiретiн құқықтық өкiлеттiгiн ресми тануы;

       14) дене шынықтыру-сауықтыру, спорт және спорттық-техникалық ғимараттары - азаматтардың дене шынықтыру жаттығуларымен, спортпен айналысуына және спорттық ойын-сауық iс-шараларын өткiзуге арналған объектiлер;
       15) дене шынықтыру-спорт қоғамы (спорт клубы) - қызметi азаматтардың дене шынықтыру және спорт құралдарымен сауығуына бағытталған дене шынықтыру-спорт ұйымының құрамдас бөлiгi;

       16) дене шынықтыру-спорт ұйымы - дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;

       17) жаттықтырушы - кәсiби бiлiмi бар және оқу-жаттығу процесi барысында спортшының даярлығын және спорттық нәтижелерге қол жеткiзу үшiн оның жарыс әрекетiне басшылықты жүзеге асыратын жеке тұлға;

       18) жоғары дәрежедегi спортшы - Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының мүшесi болып табылатын, спорттық атағы бар және жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткiзу мақсатында спорт жарыстарында өнер көрсететiн спортшы;

       19) жоғары жетiстiктер спорты - жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткiзудi, рекордтар жасауды қамтамасыз ететiн спорт саласы;

       20) кәсiпқойлық спорт - спорттық ойын-сауық iс-шараларының экономикалық тиiмдiлiгiн және жоғары ақпараттық-көңiл көтеру құндылығын көздейтiн спорттық-кәсiпкерлiк қызмет;

       21) кешендi ғылыми топ - ғылыми-әдiстемелiк және медициналық-биологиялық зерттеулер жүргiзу, спортшының функционалдық жай-күйiн және даярлығының техникалық деңгейiн айқындау үшiн құрылатын бiлiктi мамандар тобы;

       22) мемлекеттiк жаттықтырушы - Қазақстан Республикасында спорт түрiне жалпы басшылық жасау және оның дамуы үшiн жауап беретiн жаттықтырушы;

       23) оқу-жаттығу базасы - құрама командалардың оқу-жаттығу процесiн тамақтану және сонда тұруымен қоса қамтамасыз етуге арналған спорт ғимараты;

       24) олимпиадалық даярлау орталығы - республикалық деңгейде құрылып, Қазақстан Республикасының жастар мен жасөспiрiмдер құрама командаларының спортшыларын халықаралық жарыстарға даярлау бойынша оқу-жаттығу, спорттық-әдiстемелiк қызметтi жүзеге асыратын дене шынықтыру-спорт ұйымы;

       25) олимпиадалық резерв даярлау орталығы - жергiлiктi деңгейде құрылып, өңiрдiңжастар мен жасөспiрiмдер құрама командаларының спортшыларын республикалық және халықаралық жарыстарға даярлау бойынша оқу-жаттығу, спорттық-әдiстемелiк қызметтi жүзеге асыратын дене шынықтыру-спорт ұйымы;

       26) Параолимпиадалық ойындар - тiрек-қозғалу аппараты және көру органдары зақымданған мүгедек-спортшылар арасында өткiзiлетiн халықаралық қысқы және жазғы жарыстар;

       27) президенттiк тестiлер - бақылау нормативтерi арқылы халықтың дене шынықтыру дайындығының жалпы деңгейiн айқындайтын жаттығулардың (сынақтардың) жиынтығы;

       28) салалық көтермелеу жүйесi - дене шынықтыру және спорт қызметкерлерiн саланы дамытуға қосқан үлесi үшiн ынталандыру нысаны;

       29) спорт - жарыс әрекетiнiң, спортшыларды жарыстарға қатысуға даярлаудың ерекше нысаны болып табылатын дене шынықтырудың бiр бөлiгi;

       30) спорт төрешiсi - арнайы даярлықтан өткен және тиiстi бiлiктiлiк санатын алған, спорт түрiнiң және спорттық iс-шараның ережелерiн сақтауды қамтамасыз етуге спорттық iс-шараларды ұйымдастырушы уәкiлеттiк берген жеке тұлға;

       31) спорт түрi - бiлiктiлiк деңгейi, жаттығу ортасы, пайдаланылатын құрал-сайман мен жабдық, жарыс ережесi айрықша белгiлерi болып табылатын дене шынықтырудың құрамдас бөлiгi;

       32) спорт түрi бойынша қоғамдық бiрлестiк - мақсаты бiр немесе бiрнеше спорт түрлерiн дамыту, спорт жарыстарын және басқа да спорт iс-шараларын ұйымдастыру мен өткiзу болып табылатын, азаматтардың ерiктi негiзде құрылған бiрлестiгi;

       33) спорттық индустрия - дене шынықтыру-спорт мақсатындағы қызмет көрсетудi, өнiмдер өндiрудi жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң жиынтығы;

       34) спорт қызметi туралы келiсiмшарт - жоғары дәрежедегi спортшы немесе жаттықтырушы мен заңды тұлға арасында жасалатын шарт;

       35) спорт медицинасы және оңалту орталығы - спортшыны қалпына келтiру, алдын алу және оңалту iс-шараларын, медициналық-биологиялық препараттарды қолдану қауiпсiздiгiн және олардың тиiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн медициналық ұйым;

       36) спорттық сыныптама - жекелеген спорт түрлерiнде шеберлiк деңгейiн, сондай-ақ жаттықтырушылардың, спортшылардың, нұсқаушылардың, әдiскерлердiң және төрешiлердiң бiлiктiлiк деңгейiн айқындайтын спорттық атақтардың, разрядтардың және санаттардың жүйесi;

       37) спорттың техникалық және қолданбалы түрлерi - спортшының техникалық құралдарды қолдана отырып жарыстарға арнайы даярлығын талап ететiн дене шынықтырудың бiр бөлiгi;

       38) спортшы - спорт түрiмен (түрлерiмен) үнемi айналысатын және спорт жарыстарында өнер көрсететiн жеке тұлға;

       39) Сурдолимпиадалық ойындар - есту органдарына зақым келген мүгедек-спортшылар арасында өткiзiлетiн халықаралық қысқы және жазғы жарыстар;

       40) Универсиада - спорттың әр түрi бойынша өткiзiлетiн дүниежүзiлiк студенттiк қысқы және жазғы спорт жарыстары;

       41) ұлттық спорт түрлерi - жарыс әрекетi нысанында тарихи қалыптасқан және өзiне тән дене шынықтыру жаттығуларын және дене шынықтыру белсендiлiгiн ұйымдастырудың өзiндiк ережелерi мен тәсiлдерi бар халық ойындарын бiлдiретiн дене шынықтырудың бiр бөлiгi;

       42) халықаралық спорт жарыстары - кемiнде бес мемлекеттiң өкiлдерi қатысатын спортшылар (командалар) арасында спорт түрiнен өтетiн сайыс.
      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР-ның 2009.07.10 N 181-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

       2-бап. Дене шынықтыру және спорт саласындағы
               мемлекеттiк саясат принциптерi

      Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттiк саясат халықтың салауатты тұрмыс салтын қамтамасыз ету, дене шынықтыру мен спортты дамыту мақсатында жүргiзiледi және:

       1) барлық азаматтар үшiн дене шынықтырумен және спортпен айналысу теңдiгi мен жалпыға қолайлылығы;
       2) халықтың әртүрлi жас топтарының дене тәрбиесiнiң толассыздығы мен сабақтастығы;
       3) дене шынықтырумен және спортпен айналысудың ерiктiлiгi;
       4) дене шынықтыру-спорт шараларының сауықтыру бағыты;
       5) дене шынықтыру мен спортты ұйымдастырудың мемлекеттiк, қоғамдық және жеке нысандарын тану;
       6) дене шынықтырумен жаппай айналысуға, әуесқойлық және кәсiпқойлық спортқа тең құрмет көрсету;
    7) халықаралық жарыстарда Қазақстан Республикасының намысын қорғайтын жоғары жетiстiктi спорттың басымдығы;

       8) дене шынықтыру мен спортты мемлекеттiк қолдау және демеушiлiк, қайырымдылық қызмет пен меценаттықты көтермелеу;

       9) дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және спорттық-техникалық ғимараттар мен басқа да объектiлердiң меншiк нысандары өзгерiп жатқан жағдайда оларды азаматтардың дене шынықтырумен және спортпен айналысуы үшiн сақтау;

       10) халық ойындары мен спорттың ұлттық түрлерiн дамыту;
     11) дене шынықтыру-спорт қозғалысы, жоғары жетiстiктер спорты және спортшыларға медициналық қызмет көрсету проблемаларын зерттеу үшiн ғылыми базаны дамыту;
      12) спорттың техникалық және қолданбалы түрлерiн дамыту принциптерiне сәйкес жүзеге асырылады.

       3-бап. Қазақстан Республикасының дене шынықтыру
               және спорт саласындағы заңдары

      Дене шынықтыру және спорт саласындағы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардың нормаларына негiзделедi және осы Заңнан, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
       Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы заңдағыдан өзге ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

       4-бап. Дене шынықтыру мен спортты дамытуды
               мемлекеттiк қолдау

      1. Мемлекет дене шынықтыру мен спорт саласындағы қатынастарды мемлекеттiк саясатты қалыптастыру, дене шынықтыру мен спортты дамытуды тиiсiнше қаржылық, материалдық-техникалық, кадрлар, ғылыми-әдiстемелiк, медициналық, ақпараттық, нормативтiк-құқықтық жағынан қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру-спорт қозғалысының өзiндiк мәртебесiн тану жолымен реттейдi.

       2. Мемлекет барлық үлгiдегi және тұрпаттағы балалар-жасөспiрiмдердiң спорт мектептерiнiң, азаматтардың тұрғылықты жерi бойынша спорт және балалар клубтарының, балалар мен жастарға арналған сауықтыру лагерьлерiнiң, мамандандырылған топтардың және мүгедектерге арналған мектептердiң, дәрiгерлiк-дене шынықтыру диспансерлерiнiң санын көбейту, олардың материалдық-техникалық базасын нығайту үшiн жағдайлар жасайды.

       3. Мемлекет дене шынықтыру-спорт ұйымдары сыртқы байланыстарының дамытылуына, Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру қозғалысының өрлеуiне жәрдемдесетiн халықаралық спорт ұйымдары мен мекемелерiне интеграциялауға қолдау көрсетедi.

       4. Мемлекет халықаралық стандарттарға сай келетiн спорт ғимараттарын, спорт мақсатындағы тауарлар мен жабдықтар, спортшыларға арналған жоғары сапалы өнiмдер шығару жөнiндегi кәсiпорындарды жобалау мен салуға өз қаражатын жұмсайтын отандық және шетелдiк инвесторларға қолайлы инвестициялық ахуал жасайды.

       5-бап. Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен
               спортты дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы

      1. Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын Yкiмет әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.

    2. Мемлекеттiк бағдарламада халықтың денсаулығын нығайтуды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар, дене тәрбиесi жөнiндегi оқу бағдарламаларына, бағдарламалық-бағалау нормативтерi жүйесiне қойылатын талаптар және түрлi топтардың дене бiтiмiн дамыту жөнiндегi талаптар, жоғары жетiстiктер спортын дамытудың негiзгi бағыттары, сондай-ақ ұйымдық, материалдық-техникалық, кадрлар, ақпараттық және құқықтық жағынан қамтамасыз етудiң негiзгi принциптерi көзделедi.

       6-бап. Азаматтардың дене шынықтыру мен спорт
               саласындағы құқықтары мен мiндеттерi

      1. Қазақстан Республикасы азаматтарының:
       дене шынықтыру-сауықтыру және спорт бағытындағы қоғамдық бiрлестiктерге кiруге;
       спорт бағытындағы дене шынықтырумен және спортпен, оның iшiнде кәсiби қызмет ретiнде де айналысуға;
       дене шынықтыру мен спортты басқаруға қатысуға;
    мемлекеттiк, коммуналдық және жеке спорттық ғимараттарды және қызметтердi тегiн не ақылы негiзде пайдалануға құқығы бар.

       2. Қазақстан Республикасының спортпен айналысатын азаматтары:

       салауатты өмiр салтын насихаттауға;

       жергiлiктi, республикалық және халықаралық жарыстарда дене шынықтыру-спорт ұйымы мен мемлекеттен лайықты өкiл болуға;

       гигиена негiздерiн зерделеуге және сақтауға мiндеттi.

       3. Ата-аналар, қамқоршылар, қорғаншылар немесе олардың орнындағы адамдар отбасындағы кәмелетке толмаған балалардың дене бiтiмiн дамытуға және денсаулығын нығайтуға, оларға дене шынықтырумен және спортпен айналысу үшiн қажеттi жағдайлар жасауға қамқорлық көрсетуге мiндеттi.

       7-бап. Дене шынықтыру-сауықтыру және спорт бағытындағы
               қоғамдық бiрлестiктер

      Ескерту. 7-бап алынып тасталды - ҚР 2003.07.04 N 471 Заңымен.

       8-бап. Дене шынықтыру мен спортты насихаттау

      1. Дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган, спорт түрлерi бойынша қоғамдық бiрлестiктер, денсаулық сақтау мекемелерi бұқаралық ақпарат құралдарымен бiрлесе отырып, дене шынықтыру және спорт саласындағы бiлiм мен жетiстiктердi, салауатты өмiр салтының принциптерiн насихаттауды жүзеге асырады.

       2. Спортта қатыгездiк пен зорлық-зомбылыққа табынуды, адамның қадiр-қасиетiн қорлауды, тыйым салынған қоздырғыштар мен препараттарды, алкогольдi iшiмдiктер мен темекi бұйымдарын насихаттауға жол берiлмейдi.
       3. Журналистердiң және бұқаралық ақпарат құралдарының өзге де өкiлдерiнiң спорт жарыстарын және басқа да спорт шараларын телерадиохабар арналары бойынша таратуы, сондай-ақ жазып алуы, оның iшiнде спорт жарыстарын және басқа да спорт шараларын дыбыс-бейне жазу техникасы, кино-және суретке түсiру құралдарын пайдалана отырып, жазып алуы Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

       Спорт жарыстарын және басқа да спорт шараларын өткiзу кезеңiнде тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулердi жарнамалау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды ұйымдастырушылар мен жарнама қызметi субъектiлерiнiң арасындағы шарт негiзiнде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2003.07.04 N 471, 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.07.10 N 181-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн  2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

2-тарау. Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт жүйесi
      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.10  N 181-IV(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      8-1-бап. Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру
              (дене шынықтыру-спорт) қозғалысының субъектiлерi
      Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру (дене шынықтыру-спорт) қозғалысы:
       1) олимпиадалық даярлау орталықтарын;
       2) олимпиадалық резерв даярлау орталықтарын;
       3) жоғары спорт шеберлiгi мектептерiн;
       4) спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарды;
       5) олимпиадалық резервтiң спорт мектептерiн;
       6) олимпиадалық резервтiң мамандандырылған балалар-жасөспiрiмдер мектептерiн;
       7) балалар-жасөспiрiмдер спорт мектептерiн;
       8) дене шынықтыру-спорт қоғамдарын (спорт клубтарын);
       9) балалар-жасөспiрiмдер дене шынықтыру даярлығы клубтарын;
       10) балалар мен жеткiншектер клубтарын;
       11) спорт медицинасы және оңалту орталықтарын;
       12) дәрiгерлiк-дене шынықтыру диспансерлерiн;
       13) допингке қарсы комиссияларды;
       14) кешендi ғылыми топтарды;
       15) оқу-жаттығу базаларын;
       16) қызметi мектеп жасына дейiнгi балалардың, оқушылар мен студенттердiң дене тәрбиесi мен спорттық даярлығына бағытталған жеке және заңды тұлғаларды қамтиды.
       Ескерту. 8-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.07.10 N 181-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

       9-бап. Мектепке дейiнгi балалар мекемелерiндегi,
               жалпы бiлiм беретiн мектептердегi және басқа
               оқу орындарындағы дене тәрбиесi

      1. Мектеп жасына дейiнгi балалардың, жалпы бiлiм беретiн және кәсiптiк мектептер, колледждер, лицейлер оқушыларының, жоғары оқу орындары студенттерiнiң дене тәрбиесi оқу және ұзартылған күн режимiнде, оқу жоспарларына, дене тәрбиесiнiң кешендi мемлекеттiк бағдарламаларына, санитариялық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сәйкес сабақтан тыс уақытта және дербес жүзеге асырылады.
       Мiндеттi дене тәрбиесi сабақтары бүкiл оқу кезеңi бойына аптасына мектепке дейiнгi мекемелерде - кемiнде 8 сағат, жалпы бiлiм беретiн мектепте - кемiнде 3 сағат, кәсiптiк-техникалық мектептерде, колледждерде, лицейлер мен жоғары оқу орындарында кемiнде 4 сағат жүргiзiледi.
       Денсаулығы нашар оқушылар мен студенттер арнаулы медициналық топтар мен емдiк дене шынықтыру топтарында шұғылданады.
       1-1. Мектеп жасына дейiнгi балалар мекемелерi, жалпы бiлiм беретiн мектептер және басқа да оқу орындары оқушыларға дене тәрбиесiн беру мақсатында: дене шынықтыру машықтарын қалыптастырады, спортпен айналысуға тартады, дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзедi және қоғамдық бiрлестiктер мен басқа да заңды тұлғалардың мектеп жасына дейiнгi балалардың, оқушылар мен студенттердiң қатысуымен спорттық iс-шараларды ұйымдастыру мен өткiзуiне жәрдемдеседi.
       2. Сабақтан тыс уақытта дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылдану үшiн спорт клубтары мен мектептен тыс дене шынықтыру-сауықтыру ұйымдары құрылады, олардың құрамына балалар-жасөспiрiмдер спорт мектептерi, балалар-жасөспiрiмдер дене шынықтыру клубтары, тұрғылықты жерi бойынша балалар мен жасөспiрiмдер клубтары және қызметi мектеп жасына дейiнгi балалардың, оқушылар мен студенттердiң дене тәрбиесi мен спорттық даярлығына бағытталған басқа да заңды тұлғалар кiредi.
       3. Мектепке дейiнгi балалар мекемелерiнде, мектептен тыс дене шынықтыру-сауықтыру ұйымдарында және оқу орындарында дене тәрбиесi үшiн қажеттi жағдайлар жасау облыстардың, қалалар мен аудандардың жергiлiктi атқарушы органдарына, сондай-ақ құрылтайшыларға жүктеледi.
      Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.07.10 N 181-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

       10-бап. Еңбек ұжымдарындағы дене шынықтыру мен спорт
      1. Кәсiпорындар, ұйымдар жұмыс iстеушiлердi сауықтыру жөнiндегi дене шынықтыруды дамыту үшiн қаражат көздеуге және азаматтардың дене шынықтырумен, спортпен шұғылдану құқықтарын iске асыруына жағдай жасауға мiндеттi.
       Мемлекеттiк кәсiпорындар және мемлекеттiң қатысу үлесi бар заңды тұлғалар дене шынықтыру-спорт қоғамдарының (спорт клубтарының) қызметiне қатысуға мiндеттi.
       2. Қызметкерлердiң, олардың отбасы мүшелерiнiң жеке және ұжымдық дене шынықтыру-спорт сабақтарын ұйымдастыру үшiн материалдық база жасау, оны пайдалану, қаржыландыру, мамандармен қамтамасыз ету ұжымдық шарттармен және дене шынықтыру мен спортты дамыту бағдарламаларымен айқындалады.
       Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.07.10  N 181-IV(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

       11-бап. Тұрғылықты жердегi және халықтың жаппай демалыс
                орындарындағы дене шынықтыру мен спорт

      1. Тұрғылықты жерде және халықтың жаппай демалатын орындарында дене шынықтыруды және спортты дамыту:
       1)   спорттық клубтар мен секциялар жұмысын ұйымдастыруды;
       2) дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық iс-шараларды ұйымдастыру мен өткiзудi;
       3) дене шынықтыру-спорт ұйымдарына жаппай демалатын орындарда халықтың дене шынықтырумен және спортпен айналысуына арналған қажеттi үй-жайлар бөлуге және спорттық ғимараттар беруге жәрдемдесудi қамтиды.
       2. Санаторий-курорт ұйымдарында, пансионаттарда, демалыс үйлерiнде, туристiк базаларда және қала сыртындағы балаларды сауықтыру лагерьлерiнде жеке, топтық және отбасылық дене шынықтыру-сауықтыру сабақтарын өткiзуге жағдайлар жасалады.
      Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.07.10 N 181-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

       12-бап. Мүгедектер мен ақыл-есiнiң мүмкiндiгi шектеулi
                адамдарға арналған дене шынықтыру мен спорт

      1. Дене шынықтыру мен спорт мүгедектер мен ақыл-есiнiң мүмкiндiгi шектеулi адамдарды дене бiтiмi және әлеуметтiк жағынан оңалту құралдары болып табылады.
       2. Жергiлiктi атқарушы органдар мүгедектер мен ақыл-есiнiң мүмкiндiгi шектеулi адамдар үшiн арнайы дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын, сондай-ақ жалпы пайдаланудағы ғимараттарда дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшiн жағдайлар жасауды қамтамасыз етедi.
       3. Мүгедектер мен ақыл-есiнiң мүмкiндiгi шектеулi адамдарды үздiксiз оңалту жүйесiндегi дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануды ұйымдастыру, кадрлар даярлау, әдiстемелiк, медициналық жағынан қамтамасыз ету, мүгедектер мен ақыл-есiнiң мүмкiндiгi шектеулi адамдардың дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануына дәрiгерлiк бақылау жасау, бiлiм беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтiк қорғау, дене шынықтыру және спорт органдарына жүктеледi.
       4. Дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган мүгедектер мен ақыл-есiнiң мүмкiндiгi шектеулi адамдардың дене шынықтыру-спорт бiрлестiктерiмен бiрлесе отырып, республикалық жарыстар өткiзудi, мүгедектер мен ақыл-есiнiң мүмкiндiгi шектеулi адамдар арасындағы спорт түрлерi бойынша ұлттық құрама командаларының халықаралық жарыстарға, оның iшiнде Параолимпиадалық, Сурдолимпиадалық ойындарға және Арнайы олимпиадаға дайындалуы мен қатысуын ұйымдастырады.
       Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары мүгедектер мен ақыл-есiнiң мүмкiндiгi шектеулi адамдардың дене шынықтыру-спорт бiрлестiктерiмен бiрлесе отырып, облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) деңгейiндегi спорттық iс-шаралар өткiзудi, сондай-ақ олардың республикалық жарыстарға дайындалуы мен қатысуын ұйымдастырады.
      Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.07.10 N 181-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

       13-бап. Әскери қызметшiлер мен құқық қорғау органдары
                адам құрамының дене шынықтыру даярлығы

      1. Әскери қызметшiлер мен құқық қорғау органдары адам құрамының дене шынықтыру даярлығы қызметтiк-қолданбалы бағытта болады және олардың әскери борыш пен қызмет мiндеттерiн орындауын қамтамасыз етедi.
       2. Әскери қызметшiлер мен құқық қорғау органдары адам құрамының дене шынықтыру даярлығы жөнiндегi жұмыстың мазмұнын, оны ұйымдастырудың нысандары мен әдiстерiн тиiстi мемлекеттiк басқару органдары белгiленген тәртiппен анықтайды.
       3. Әскери бөлiмшелердiң, сондай-ақ құқық қорғау органдары бөлiмшелерiнiң командирлерi мен бастықтары әскери қызметшiлер мен құқық қорғау органдары адам құрамының дене бiтiмiн жетiлдiру үшiн қажеттi жағдайлар жасауға мiндеттi.
       4. Қазақстан Республикасы құрама спорт командаларының мерзiмдi әскери қызметке шақырылған мүшелерi өздерiнiң спорттық шеберлiгiн шыңдау үшiн қажеттi жағдайлары бар бөлiмшелерге жiберiледi, оларға халықаралық, ұлттық және басқа да спорттық жарыстарға қатысуға мүмкiндiк берiледi.

       14-бап. Мемлекеттiк денсаулық сақтау органдары мен
                мекемелерiнiң дене шынықтыру мен спортты
                дамытуға қатысуы

      Мемлекеттiк денсаулық сақтау органдары мен мекемелерi өздерiнiң құзыретi шегiнде:
       дене шынықтыруды аурулардың алдын алу және оны емдеу құралы ретiнде пайдаланады;
       дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдарға дәрiгерлiк бақылау мен икемдi қадағалауды жүзеге асырады;
       Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларын халықаралық спорт жарыстарына даярлауды медициналық жағынан қамтамасыз етуге қатысады;
       дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдарды жарысқа жiберудi жүзеге асырады;
       спорт медицинасы мен емдiк дене шынықтыру саласында мамандар даярлауды жүзеге асырады және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
       қолданылып жүрген ережелерге сәйкес мектепке дейiнгi балалар мекемелерiнде, оқу орындарында дене шынықтыру-сауықтыру және спорт жұмысын ұйымдастыруға белсене қатысады;
       халықтың дене бiтiмiнiң даму деңгейiн анықтайды;
       Халықаралық Олимпиадалық Комитеттiң сертификаты бар мамандандырылған мекемелерде допингке қарсы бақылауды қамтамасыз етедi.
      Ескерту. 14-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), орыс тiлiндегi мәтiнiне өзгерту енгiзiлдi, қазақ тiлiндегi мәтiнi өзгермейдi - 2009.07.10 N 181-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

       15-бап. Дене шынықтыру мен спорт сабақтарын, спорт
                жарыстары мен бұқаралық спорт шараларын өткiзу
                кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын сақтау,
                азаматтардың денсаулығын қорғау

      1. Дене шынықтыру және спорт қызметкерлерi дене шынықтыру мен спорт сабақтарын өткiзу кезiнде дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган әзiрлеп, бекiтетiн қауiпсiздiк нормалары мен қағидаларының сақталуын қамтамасыз етедi.
       2. Дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттары ұйымдарының әкiмшiлiгi сабақтар мен жарыстар өткiзiлетiн орындарды қауiпсiздiк техникасының қағидаларына, санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерге сәйкес техникамен тиiсiнше жабдықтауды қамтамасыз етедi және азаматтардың денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
       3. Дене шынықтыру мен спорт сабақтарын, спорт жарыстары мен спорттық-бұқаралық iс-шараларды өткiзуге арналған объектiлер мен ғимараттар санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерге, сондай-ақ спорт ғимараттарын пайдалану және өрт қауiпсiздiгi қағидаларына сай болуға тиiс.
       4. Дене шынықтыру мен спорт қызметкерлерi дене шынықтырумен және спортпен айналысатын азаматтардың денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
       5. Азаматтар мен қатысушылардың қауiпсiздiк жағдайын қамтамасыз етудi күрделендiретiн спорт ғимараттарын пайдалану және өрт қауiпсiздiгi қағидалары талаптарының бұзылуы анықталған жағдайда, оның iшiнде мiнбенiң тiреуiш конструкцияларының ескiруi, мiнбе астындағы үй-жайларда жанар-жағармай заттары мен материалдарының болуы, авариялық жарықтандыру мен эвакуациялау жолдарының болмауы, өртке қарсы қорғану құралдарының болмауы немесе ақаулары, сондай-ақ өрттiң туындауына әкеп соғуы мүмкiн электр жабдығын монтаждау және пайдалану қағидаларын бұзу бөлiгiнде төтенше жағдайлар жөнiндегi органдар енгiзетiн ұсыным бойынша өз бетiнше не iшкi iстер органдарының бастамасы бойынша жергiлiктi атқарушы органдар қауiпсiздiк жағдайларының анықталған бұзушылықтары жойылғанға дейiн спорттық-бұқаралық iс-шараларды өткiзуге тыйым салады.
       6. Спорттық-бұқаралық iс-шараларды ұйымдастырушылар iс-шараны өткiзгенге дейiн он күннен кешiктiрмей көрермендердiң болжамды саны туралы, бiр күн бұрын – сатылған билеттердiң, берiлген рұқсаттардың, оның iшiнде автокөлiкке берiлген рұқсаттардың саны, сондай-ақ iшкi iстер, төтенше жағдайлар және денсаулық сақтау органдарының арнаулы техникасына арналған тұрақ орындары туралы жергiлiктi атқарушы органдарды хабардар етуге мiндеттi.
       Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

       15-1-бап. Дене шынықтыру және спорт саласындағы
                  мемлекеттiк мекемелер

      Дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер өздерiнiң негiзгi қызметiне жатпайтын қызметтер көрсетуге құқылы, оларға төленетiн ақы мiндеттi сипатта болмайды, жеке және заңды тұлғалармен келiсiм бойынша айқындалады.
      Ескерту. 14-баппен толықтырылды - ҚР 2006.07.05 N 165 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

  3-тарау. Спортты ұйымдастыру және дамыту
       16-бап. Жоғары дәрежедегi спортшылар әзiрлеу

      1. Жоғары дәрежедегi спортшылар даярлауды дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiткен спорт түрлерi жөнiндегi бағдарламаларға сәйкес дене шынықтыру және спорт саласындағы отандық және шетелдiк мамандар, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт саласында қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғалар жүзеге асырады.

       2. Қазақстан Республикасының жоғары дәрежедегi спортшыларын даярлау келiсiм-шарт негiзiнде жүзеге асырылуы мүмкiн.
       Спорт қызметi туралы келiсiм-шартта спортшының құқықтары мен мiндеттерi, оның әлеуметтiк-медициналық сақтандырылуы, мұндай келiсiм-шартты жасасу мен бұзу талаптары болуға тиiс. Спорт қызметi туралы келiсiм-шартта Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа да талаптар мен мiндеттер болуы мүмкiн.
      Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.07.10 N 181-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

       17-бап. Спорт мектептерi мен мектеп-интернаттары

      1. Қосымша бiлiм беру мекемелерi ретiнде спорт мектептерi, сондай-ақ спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттар Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес құрылады.
       2. Мемлекет спорт мектептерi мен спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың қолда бар материалдық-техникалық базасын нығайту және жаңа базасын жасау үшiн жағдай туғызады.

       18-бап. Спорт түрлерi бойынша Қазақстан Республикасының
                құрама командалары

      1. Қазақстан Республикасының құрама командалары - спортшылардың, жаттықтырушылардың, отандық және шетелдiк мамандардың, дене шынықтыру-спорт және медицина ұйымдарының басқа да қызметкерлерiнiң ұжымдары спорттың түрлерi бойынша қоғамдық бiрлестiктердiң құрамдас бөлiгi болып табылады, халықаралық жарыстарға даярлық және оларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы астында қатысу мақсатында құрылады.
       2. Спорттың әр түрi бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын дене шынықтыру-спорт ұйымдарының ұсыныстарын ескере отырып, спорт түрлерi бойынша тиiстi қоғамдық бiрлестiктер конкурстық негiзде құрады. Спорт принциптерiн сақтай отырып, алдын ала белгiленген және жарияланған арнаулы нормативтердi орындаған спортшылар Қазақстан Республикасы құрама командаларының негiзгi және жастар (резервтiк) құрамына енгiзiледi. Қазақстан Республикасы құрама командаларының белгiленген нормативтердi орындамаған, өз мiндеттерiн үнемi бұзатын мүшелерi Қазақстан Республикасы құрама командаларынан шығарылуы мүмкiн. Қазақстан Республикасы құрама командаларының құрамдарын спорт түрлерi бойынша қоғамдық бiрлестiктердiң ұсынуымен дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган жыл сайын бекiтiп отырады.
       Ескерту. 18-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР-ның 2009.07.10.  N 181-IV(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      19-бап. Кәсiпқойлық спортпен айналысу құқығы

      1. Қазақстан Республикасы азаматтарының келiсiм-шарт негiзiнде Қазақстан Республикасында да, басқа елдерде де ақы төленетiн кәсiпқойлық спорт қызметiмен айналысуға құқығы бар.
       2. Кәсiпқой бiрлестiктер құру тәртiбi және олардың жұмыс iстеу жағдайлары, кәсiпқойлық спорт сабақтарын ұйымдастыру, келiсiм-шарттар жасасу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
       3. Спортшылардың, төрешiлердiң, жаттықтырушылардың және басқа мамандардың спорт жарыстарына дайындалу мен қатысуға байланысты және олардың табыс көзi болып табылатын кәсiпқойлық қызметi Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.

      20-бап. Спорт қызметiн ғылыми-әдiстемелiк жағынан
              қамтамасыз ету
      Дене шынықтыру мен спортты дамытудың мемлекеттiк бағдарламаларын iске асыру шеңберiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi мүдделi заңды тұлғалармен бiрлесе отырып дене шынықтыру мен спорт проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргiзедi, халықтың әртүрлi топтары арасында бұқаралық спортты дамытуға және жоғары спорт нәтижелерiне жетуге бағытталған ғылыми-әдiстемелiк ұсыныстар мен бағдарламалар жасайды, келiсiм-шарт негiзiнде дене шынықтыру мен спорт, медицина, биология және психология саласындағы жетекшi отандық және шетелдiк мамандарды Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларын ғылыми-әдiстемелiк жағынан қамтамасыз етуге тартады.
       Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР-ның 2009.07.10.  N 181-IV(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      21-бап. Спорт резервiн даярлау

       1. Спорт резервiн даярлау оқу-жаттығу процесi кезеңiнде оқу-жаттығу бағдарламаларының және оқу жоспарларының негiзiнде жүзеге асырылады.
       Оқу-жаттығу процесi спортшыларды даярлаудың мынадай көпжылдық кезеңдерiне бөлiнедi:
       1) спорттық-сауықтыру;
       2) бастапқы даярлық
       3) оқу-жаттығу;
       4) спорт шеберлiгiн жетiлдiру;
       5) жоғары спорт шеберлiгi.
       2. Оқу-жаттығу процесiн ұйымдастыру оқу-жаттығу мен спорттық iс-шараларды өткiзудi, спортшыларға медициналық қызмет көрсетудi, оларды тамақтандыруды және оқу-жаттығу мен спорттық iс-шараларға бару жолын, сондай-ақ спорттық керек-жарақпен, спорт құрал-сайманымен және жабдығымен қамтамасыз етудi қамтиды.
       3. Оқу-жаттығу сабақтары дене шынықтыру-спорт ұйымдарында және балалар-жасөспiрiмдер спорт ұйымдарында жүргiзiледi.
       Ескерту. 21-бап жаңа редакцияда - ҚР-ның 2009.07.10. N 181-IV(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      22-бап. Спортта тыйым салынған тәсiлдер, әдiстер
              мен құралдар

      1. Спорттық нәтижелерге жету үшiн спортшыларға, жаттықтырушылар мен спорт төрешiлерiне:
       Халықаралық Олимпиадалық Комитет, спорт түрлерi бойынша халықаралық федерациялар және республикалық қоғамдық бiрлестiктер тыйым салған тәсiлдердi, әдiстердi, медициналық және биологиялық препараттарды пайдалануға;
       қандай түрдегi болса да сатып алушылықты, бопсалауды, қоқан-лоққы мен күш қолдануды пайдалануға тыйым салынады.
       2.<*>
      Ескерту. 22-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2003.07.04. N 471, 2009.07.10. N 181-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

       22-1-бап. Спорттық сыныптама

      1. Спортшыларға спорттық атақтар мен разрядтарды дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган төрт жылдық (олимпиадалық) кезеңге белгiлеген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес бередi.
       Жаттықтырушыларға, нұсқаушыларға, әдiскерлерге, төрешiлерге  санаттар дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес берiледi.

       2. Спортшылар мен жаттықтырушыларға мынадай спорттық атақтар мен разрядтар берiледi:
       1) спорттық атақтар:
       "Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы" құрметтi атағы;
       "Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi" құрметтi атағы;
       Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегi спорт шеберi;
       Қазақстан Республикасының спорт шеберi;

       2) спорттық разрядтар:
       Қазақстан Республикасының спорт шеберлiгiне кандидат;
       1-разрядты спортшы;
       2-разрядты спортшы;
       3-разрядты спортшы;
       жасөспiрiмдер арасындағы 1-разрядты спортшы;
       жасөспiрiмдер арасындағы 2-разрядты спортшы;
       жасөспiрiмдер арасындағы 3-разрядты спортшы.

       3. Дене шынықтыру және спорт жөнiндегi әдiскерлер мен нұсқаушыларға мынадай бiлiктiлiк санаттары берiледi:
       бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты әдiскер;
       бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бiрiншi санатты әдiскер;
       бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер;
       бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi санаты жоқ әдiскер;
       бiлiктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты әдiскер;
       бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бiрiншi санатты әдiскер;
       бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер;
       бiлiктiлiгi орта деңгейдегi санаты жоқ әдiскер;
       бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы-спортшы;
       бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бiрiншi санатты нұсқаушы-спортшы;
       бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы.

       4. Жаттықтырушыларға мынадай бiлiктiлiк санаттары берiледi:
       бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы;
       бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бiрiншi санатты жаттықтырушы;
       бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы;
       бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi санаты жоқ жаттықтырушы;
       бiлiктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы;
       бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бiрiншi санатты жаттықтырушы;
       бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы;
       бiлiктiлiгi орта деңгейдегi санаты жоқ жаттықтырушы.

       5. Спорт төрешiлерiне мынадай бiлiктiлiк санаттары берiледi:
       жоғары санатты ұлттық спорт төрешiсi;
       ұлттық спорт төрешiсi;
       бiрiншi санатты спорт төрешiсi;
       спорт төрешiсi.
      Ескерту. 22-1-баппен толықтырылды – Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.07.10. N 181-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн  2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

4-тарау. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы басқару

      22-2-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң дене
                шынықтыру және спорт саласындағы құзыретi

      Қазақстан Республикасының Үкiметi:
       1) спорт түрлерi бойынша республикалық қоғамдық бiрлестiктердi аккредиттеу ережесiн бекiтедi;
       2) спорттық iс-шараларды материалдық қамтамасыз ету нормативтерiн бекiтедi;
       3) республикалық спорттық iс-шаралардың, универсиадалардың жүлдегерлерiн және оларға қатысушыларды және халықаралық жарыстардағы жоғары нәтижелерi үшiн Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының мүшелерiн көтермелеу мөлшерлерiн бекiтедi;
       4) еңбек сiңiрген спортшылар мен жаттықтырушыларға ай сайынғы материалдық қамсыздандыру түрiнде өмiр бойы төлемақы төлеу ережесiн бекiтедi;
       5) Президенттiк тестiлердi өткiзу ережесiн бекiтедi;
      6)  өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
       Ескерту. 22-2-баппен толықтырылды - ҚР-ның 2009.07.10.  N 181-IV(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), өзгеріс енгізілді – 2011.07.05 № 452- IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

       23-бап. Дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi
                органның құзыретi

      Уәкiлеттi орган:
       1) дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттiк басқару, үйлестiру және мемлекеттiк бақылау функцияларын жүзеге асырады;
       2) дене шынықтыру және спорт мәселелерi бойынша өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн әзiрлейдi және бекiтедi;
       3) ведомстволық статистикалық байқаулар жүргiзедi;
       4) салалық көтермелеу жүйесiн әзiрлейдi және бекiтедi;
       5) дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
       5-1) спорт түрлерi, соның iшiнде ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт, бұқаралық спорт түрлерi бойынша республикалық және халықаралық жарыстар өткiзедi;
       6) Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының мүшелерiн халықаралық спорт жарыстарына дайындауды және олардың қатысуын ұйымдастырады және жүзеге асырады;
       7) дене шынықтыру және спорт саласындағы ғылыми зерттеулердi, олардың нәтижелерiн дене шынықтыру мен спорт практикасын енгiзудi ұйымдастырады және үйлестiредi;
       8) спортта допингке қарсы шаралардың жүргiзiлуiне бақылауды жүзеге асырады;
       9) спорт ғимараттарын салуға арналған жобалық құжаттаманы келiседi және спорт құрал-сайманын шығару кезiнде әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады;
       10) техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi органмен бiрлесiп, дене шынықтыру және спорт саласындағы сертификаттауға және стандарттауға қатысады;
       11) дене шынықтыру және спорт жөнiндегi бағдарламаларды әзiрлеуге және оларды iске асыруға қатысады;
       12) өз құзыретi шегiнде дене шынықтыру және спорт саласындағы халықаралық шарттарды әзiрлейдi, жасасады және орындайды, халықаралық спорт ұйымдарында және халықаралық спорт шараларында Қазақстан атынан өкiлдiк етедi;
       РҚАО-ның ескертпесi!
      13) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
       13) бiлiм беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда, жоғары санаттағы спорт ғимараттарында дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерiн көрсету жөнiндегi заңды және жеке тұлғалардың қызметiн, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт саласында қызмет көрсетумен байланысты спорт түрлерi бойынша республикалық және өңiрлiк қоғамдық бiрлестiктердiң қызметiн лицензиялауды жүзеге асырады;
       14) мынадай спорттық атақтар мен санаттарды бередi:
       "Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы" құрметтi атағы, "Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi" құрметтi атағы, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегi спорт шеберi, Қазақстан Республикасының спорт шеберi, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi жоғары санатты әдiскер, жоғары санатты ұлттық спорт төрешiсi, ұлттық спорт төрешiсi;
       14-1) спорт түрлерi бойынша республикалық қоғамдық бiрлестiктердi аккредиттеудi жүзеге асырады;
       15) халықтың дене шынықтыру дайындығының нормативтерiн әзiрлейдi;
       16) тұрғын аудандардың, әкiмшiлiк үйлердiң, мектеп жасына дейiнгi мекемелер мен оқу орындарының қолданылып жүрген қала құрылысы нормалары негiзiнде спорт ғимараттарымен қамтамасыз етiлу нормативтерiн әзiрлейдi;
       17) спорт ғимараттарын пайдалану нормалары мен ережелерiн, спорт ғимараттарына техникалық қызмет көрсету және оларды пайдалану жөнiндегi нормативтердi әзiрлейдi және бекiтедi;
       18) спорттық iс шараларды қамтамасыз етудiң және республикалық спорттық шараларға қатысушыларды және халықаралық жарыстардағы жоғары көрсеткiштерi үшiн Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командалары мүшелерiн көтермелеудiң нормативтерiн әзiрлейдi;
       19) спорт жарыстарын өткiзу кезiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нышандарын қолдану тәртiбiн айқындайды, спорттық костюмдер мен басқа да спорттық керек-жарақтарды ресiмдеу кезiнде "Қазақстан Республикасының құрама командасы" деген атауды пайдалануға рұқсат бередi;
       20) спорттық атақтарды, разрядтар мен санаттарды беру тәртiбiн айқындайды;
       21) дене шынықтыру (дене шынықтыру-спорт) қозғалысы субъектiлерiнiң қызметiн ұйымдастыру ережесiн бекiтедi;
       22) денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсе отырып, Дәрiгерлiк-дене шынықтыру диспансерлерiнiң және спорт медицинасы мен оңалту орталықтарының қызметiн ұйымдастыру ережесiн бекiтедi;
       23) спорт түрлерi бойынша жарыстардың ережесiн бекiтедi;
       24) Спортшының бiр дене шынықтыру-спорт ұйымынан, дене шынықтыру-спорт қоғамынан (спорт клубынан) басқа дене шынықтыру-спорт ұйымына, дене шынықтыру-спорт қоғамына (спорт клубына) ауысуы туралы ереженi бекiтедi;
       25) дене шынықтыру-спорт және балалар-жасөспiрiмдер спорт ұйымдарындағы оқу-жаттығу бағдарламаларын және оқу-жаттығу процесiнiң кезеңдерiн бекiтедi;
       26) спорт түрлерi бойынша бас және мемлекеттiк жаттықтырушыларды қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
       27) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау критерийлерiн, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi;
       28) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Ескерту. 23-бап жаңа редакцияда - ҚР 2003.07.04. N 471, өзгерту енгiзiлдi - 2004.12.20 N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi), 2009.07.10 N 181-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.07.17  N 188-IV(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07. 05 № 452- IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

       23-1-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың дене шынықтыру
                  және спорт мәселелерi жөнiндегi құзыретi
      1. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы:
       1) дене шынықтыру мен спортты дамытудың өңiрлiк бағдарламаларын әзiрлейдi және iске асырады;
       2) спорттың әр түрi бойынша облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) жарыстар өткiзедi;
       3) спорттың әр түрi бойынша облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) құрама командаларды дайындау мен олардың республикалық және халықаралық спорт жарыстарында өнер көрсетуiн қамтамасыз етедi;
       4) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қолдайды;
       5) облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) мамандандырылған оқу-спорт мекемелерiнiң қызметiн үйлестiредi;
       6) облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) аумағында спорт ғимараттарын салу мәселелерiн үйлестiредi;
       7) спорт ұйымдарына әдiстемелiк және консультациялық көмек көрсетедi;
       8) мынадай спорттық разрядтар мен санаттарды бередi: спорт шеберлiгiне кандидат, бiрiншi спорттық разряд, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бiрiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бiрiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бiрiншi санатты әдiскер, бiрiншi санатты спорт төрешiсi;
       9) облыстық спорттық-бұқаралық iс-шаралардың күнтiзбелiк жоспарын әзiрлейдi, бекiтедi және iске асырады;
       10) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;
       11) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында спорт шараларын ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;
       12) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк бойынша дене шынықтыру мен спортты дамыту туралы мәлiметтердi талдап, дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi органға табыс етедi;
       РҚАО-ның ескертпесi!
      13) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
       13) бiлiм беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру және спорт қызметiн жүзеге асыратын дене шынықтыру-сауықтыру, спорт клубтарының, орталықтарының, секцияларының және басқа да ұйымдардың, бiрiншi, екiншi және үшiншi санаттардағы спорт ғимараттарында дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерiн көрсету жөнiндегi жеке және заңды тұлғалардың, спорт түрлерi бойынша жергiлiктi қоғамдық бiрлестiктердiң қызметiн лицензиялауды жүзеге асырады;
       14) емдiк дене шынықтыру және дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдарды оңалту бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында дәрiгерлiк-дене шынықтыру диспансерлерiнiң қызметiн қамтамасыз етедi;
        15) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
       2. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы:
       1) дене шынықтыру мен спортты дамытудың аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) жоспарларын әзiрлейдi және iске асырады;
       2) спорт түрлерi бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) деңгейде жарыстар өткiзедi;
       3) спорттың әр түрi бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) құрама командаларды дайындауды және олардың облыстық спорт жарыстарында өнер көрсетуiн қамтамасыз етедi;
       4) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытады;
       5) аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) мамандандырылған оқу-спорт мекемелерiнiң қызметiн үйлестiредi;
       6) мынадай спорттық разрядтар мен санаттарды бередi: жасөспiрiмдер арасындағы екiншi және үшiншi, бiрiншi, екiншi және үшiншi разрядтар, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi;
       7) аудандық спорттық-бұқаралық iс-шаралардың күнтiзбелiк жоспарын әзiрлейдi, бекiтедi және iске асырады;
       8) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;
       9) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында спорттық iс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;
       10) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк бойынша дене шынықтыру мен спортты дамыту туралы мәлiметтердi талдап, облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) атқарушы органға табыс етедi;
       11) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
       3. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмi тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында спорт мекемелерiнiң материалдық-техникалық қамтамасыз етiлуiн қолдайды және оған жәрдем көрсетедi, сондай-ақ азаматтардың тұрғылықты жерiнде және жаппай демалатын орындарында дене шынықтыруды және спортты дамыту үшiн жағдайлар жасайды.
      Ескерту. Заң 23-1-баппен толықтырылды - ҚР 2003.07.04. N 471, жаңа редакцияда - 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), өзгерту енгiзiлдi - 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi), 2009.07.10 N 181-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн  2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.07. 05 № 452- IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      24-бап. Спорт түрлерi бойынша қоғамдық бiрлестiктер

      1. Қазақстан Республикасында спорт түрлерi бойынша қоғамдық бiрлестiктер осы Заңға және Қазақстан Республикасының қоғамдық бiрлестiктер туралы заңдарына сәйкес құрылып, жұмыс iстейдi.
       2. Спорттың әрбiр түрi бойынша тек бiр республикалық қоғамдық бiрлестiк аккредиттелуi мүмкiн, ол Қазақстан Республикасының атынан дене шынықтыру және спорт саласындағы халықаралық бiрлестiктерге қатысушы болуы мүмкiн.      
       3. Спорт түрлерi бойынша қоғамдық бiрлестiктер спорт жарыстарын және басқа да спорт шараларын, оның iшiнде халықаралық шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсе отырып жүзеге асырады.
      Ескерту. 24-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.07.04. N 471, өзгерту енгiзiлдi - 2009.07.10. N 181-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
      24-1-бап. Дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерiн
                көрсету жөнiндегi қызметтi лицензиялау
      РҚАО-ның ескертпесi!
      24-1-бапты алып тастау көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      1. Жеке және заңды тұлғалардың дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерiн көрсету жөнiндегi қызметi, бiлiм беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда, лицензиялауға жатады.
       2. Алып тасталды - ҚР-ның 2009.07.10. N 181-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      Ескерту. 24-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.07.04. N 471, өзгерту енгiзiлдi - 2009.07.10. N 181-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      24-2-бап. Дене шынықтыру және спорт саласындағы
                мемлекеттiк бақылау
      1. Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттiк бақылауды дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулыларының спорт объектiлерiн пайдалану, оларға техникалық қызмет көрсету жөнiндегi талаптарының сақталуы тұрғысынан жүзеге асырады.
    2. Алып тасталды - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
    3. Дене шынықтыру саласындағы мемлекеттiк бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
    4. Тексеру "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттiк бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 24-2-баппен толықтырылды - ҚР 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07. 05 № 452- IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі)  Заңдарымен.

    5-тарау. Дене шынықтыру мен спортты қаржыландыру,
материалдық-техникалық жағынан және кадрлармен
қамтамасыз ету

      25-бап. Дене шынықтыру мен спортты қаржыландыру көздерi

      1. Дене шынықтыруды және спортты қаржыландыру бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен жүзеге асырылады.
       2. <*>
       3. <*>
       4. <*>      

       5. Халықаралық жарыстарға әзiрлену кезеңiнде және оларға қатысу кезiнде Қазақстан Республикасының құрама командаларының мүшелерi тегiн медициналық қызмет көрсетумен және емдеумен қамтамасыз етiледi.
       6. Алып тасталды - ҚР-ның 2009.07.10. N 181-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      Ескерту. 25-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.07.10. N 181-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн  2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      26-бап. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы
              демеушiлiк және кәсiпкерлiк қызмет
      1. Бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын ұйымдардан басқа, жеке және заңды тұлғалар дене шынықтыру-спорт ұйымдарының, командаларының немесе спорт шараларының демеушiлерi бола алады. Демеушiлер мен дене шынықтыру-спорт ұйымдары, командалар, шараларды ұйымдастырушылар) арасындағы қатынастар шарт негiзiнде белгiленедi. Демеушiлер спорт шараларын қаржыландыра отырып, оларды демеушiлердiң немесе олардың өнiмдерiнiң белгiсiмен (эмблемасымен) өткiзу құқығына ие болады.
       2. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке және заңды тұлғалар дене шынықтыру-спорт ұйымдарына және жеке адамдарға қызмет көрсету бойынша кәсiпкерлiк қызметпен шұғылдануы, дене шынықтыру-спорт тауарлары мен iлеспе тауарлар шығаруы, дене шынықтыру мен спортты жарнама қызметiне пайдалануы мүмкiн. Дене шынықтыру-спорт ұйымдарының, спорт түрлерi бойынша қоғамдық бiрлестiктердiң эмблемалары мен атаулы нышандары олардың меншiгi болып табылады және олардың келiсiмiмен ғана пайдаланылуы мүмкiн.
       3. Мемлекет материалдық-спорт базасын кеңейту, сондай-ақ спортшыларды, осы саланың мамандарын, дене шынықтыру-спорт қызметiнiң басқа да субъектiлерiн моральдық және материалдық жағынан көтермелеу арқылы дене шынықтыру мен спортты дамытуды ынталандырып отырады.
      Ескерту. 26-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.07.10. N 181-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн  2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      27-бап. Спорт ғимараттары
      1. Дене шынықтыру мен спорттың материалдық базасы әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiне жататын дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарының барлық түрлерiнен құралады.       
       2. Спорт ғимараттары орналасатын аумақтарды құзыреттi мемлекеттiк органдар аталған ғимараттарды болашақта салуға арналған жердi ағымдағы игеру және келешектегi резервте ұстау үшiн нормативтiк бөлу арқылы анықтауы мүмкiн.
       Тұрғын үй аудандарының спорт ғимараттарымен қамтамасыз етiлу нормативтерi Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес белгiленедi.
    3. Қамтамасыз ету нормативтерiнде, құрылыс нормалары мен ережелерiнде көзделген спорт ғимараттарынсыз тұрғын үйлер алабын, әкiмшiлiк, мектепке дейiнгi мекемелер мен оқу орындарының үйлерiн салуға жол берiлмейдi.

       4. Мемлекеттiк меншiктегi дене шынықтыру-сауықтыру, спорт және спорттық-техникалық ғимараттарды, соларға тең дене шынықтыру-сауықтыру, спорт және спорттық-техникалық ғимараттарын құрмай жоюға, олардың нысаналы және функционалдық мақсаттарын өзгертуге жол берiлмейдi.
       Ескерту. 27-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР-ның 2009.07.10. N 181-IV(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      28-бап. Дене шынықтыру мен спорт саласында мамандар
              даярлау және дене шынықтыру мен спорт
              қызметкерлерiне қойылатын кәсiби талаптар
      1. Дене шынықтыру оқу орындарында және дене тәрбиесi факультеттерiнде оқыту, Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
       2. Дене шынықтыру мен спорт жөнiндегi педагогтiк қызметке жоғары немесе орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмi бар адамдар жiберiледi.
       3. Дене шынықтыру мен спорт қызметкерлерiне қойылатын кәсiби талаптар заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлетiн арнаулы бiлiктiлiк нормаларымен анықталады.
       4. Спорт жарыстары мен бұқаралық спорт шараларының төрешiлiгiне дене шынықтыру-спорт ұйымдарында арнайы даярлықтан өткен және белгiленген тәртiппен спорт түрлерiнiң төрешiсi ретiнде аттестатталған адамдар жiберiледi.
      Ескерту. 28-бапқа өзгерту енгiзiлдi – Қазақстан Республикасының 2007.07.27. N 320 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
6-тарау. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы
жеңiлдiктер және әлеуметтiк кепiлдiктер
      29-бап. Дене шынықтыру саласындағы жеңiлдiкпен
              көрсетiлетiн қызметтер
      Дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерiн тегiн немесе жеңiлдiктi жағдайларда пайдаланатын азаматтар санаттарының тiзбесi, сондай-ақ жеңiлдiктердiң мөлшерi Қазақстан Республикасының заңдарымен, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының және дене шынықтыру-спорт ұйымдары әкiмшiлiктерiнiң шешiмiмен белгiленедi.
      Ескерту. 29-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.07.10. N 181-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн  2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      30-бап. Спортшылардың әлеуметтiк қорғалуы
      1. Дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган, спорт түрлерi бойынша қоғамдық бiрлестiктер, жергiлiктi атқарушы органдар әралуан спорт түрлерi бойынша Қазақстан Республикасының құрама командалары құрамына кiрген немесе кiретiн "КСРО-ның еңбек сiңiрген спорт шеберi", "Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi", "КСРО-ның халықаралық дәрежедегi спорт шеберi", "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегi спорт шеберi" атағы бар аса көрнектi спортшыларға - олимпиада чемпиондарына, әлем чемпиондарына, олардың "Қазақстанның еңбек сiңiрген жаттықтырушысы" немесе "КСРО-ның еңбек сiңiрген жаттықтырушысы" атағы бар жаттықтырушыларына тиiстi бюджеттер, сондай-ақ заңда тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен ай сайын ақшалай қаржы төлей алады.
       2. Дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган, дене шынықтыру-спорт бiрлестiктерi, жергiлiктi атқарушы органдар әралуан спорт түрлерi бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының құрамына кiретiн спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойын түрлерi бойынша командалар құрамында өнер көрсететiн спортшыларға, олардың жаттықтырушылары мен клуб командаларының басшыларына тиiстi бюджеттер, сондай-ақ дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қаражаты және заңда тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен ай сайын ақшалай қаржы төлей алады.
2-1. Дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган спорт түрлерi бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының мүшелерiне олар республикалық жарыстарда жарақат алған және мертiккен жағдайда бюджет қаражаты есебiнен өтемақы төлеудi жүзеге асырады.
    3. Спортшының бiр дене шынықтыру-спорт ұйымынан, дене шынықтыру-спорт қоғамынан (спорт клубынан) басқа дене шынықтыру-спорт ұйымына, дене шынықтыру-спорт қоғамына (спорт клубына) немесе шетелдiк дене шынықтыру-спорт ұйымына (шетелдiк спорт клубына) дене шынықтыру-спорт ұйымдарының, дене шынықтыру-спорт қоғамдарының (спорт клубтарының) өзара келiсiмiмен ауысуға құқығы бар.
       4. <*>
      Ескерту. 30-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2003.07.04. N 471 (2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.07.10. N 181-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

       30-1-бап. Еңбек сiңiрген спортшылар мен                   жаттықтырушыларды мемлекеттiк әлеуметтiк қолдау
      1. Мемлекет спортшыларға, жаттықтырушыларға ай сайынғы материалдық қамсыздандыру (бұдан әрi – материалдық қамсыздандыру) түрiнде өмiрлiк әлеуметтiк қолдау жасайды, ол осы бапқа сәйкес төлемдер алуға құқығы бар спортшылар мен жаттықтырушыларға берiлетiн ай сайынғы төлемдер болып табылады.
       2. Спорттың олимпиадалық түрлерi бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының және (немесе) КСРО құрама командаларының құрамында болған және кемiнде жиырма жыл еңбек стажы бар спортшыларға, жаттықтырушыларға материалдық қамсыздандыру Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен төленедi және мынадай мөлшерде тағайындалады:

       1) Олимпиадалық ойындардың чемпиондары және (немесе) жүлдегерлерi және (немесе) спорттың олимпиадалық түрлерi бойынша әлем чемпиондары атақтарын жеңiп алғандарға және "КСРО-ның еңбек сiңiрген спорт шеберi" және (немесе) "Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi" атағы барларға – 24 айлық есептiк көрсеткiш;
       2) "Қазақстанның еңбек сiңiрген жаттықтырушысы" және (немесе) "КСРО-ның еңбек сiңiрген жаттықтырушысы" атағы бар және осы тармақтың 1) тармақшасында белгiленген спортшыларды даярлағандарға - 24 айлық есептiк көрсеткiш.
       3. <*>
       4. Осы баптың 2-тармағында белгiленген бiрнеше негiздер бойынша материалдық қамсыздандыру алуға бiр мезгiлде құқығы бар адамдарға материалдық қамсыздандыру олардың қалауы бойынша сол негiздердiң бiреуi бойынша ғана төленедi.
      Ескерту. Жаңа 30-1-баппен толықтырылды - ҚР 2003.07.04 N 471 Заңымен (2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi), өзгерiс енгiзiлдi - 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.12.02 N 211-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      31-бап. Спортшыларды сақтандыру
      Жарыстар, жаттығулар мен жиындар кезiнде спортшыларды жазатайым оқиғалардан сақтандыру тиiстi дене шынықтыру-спорт ұйымдарының, дене шынықтыру-спорт қоғамдарының (спорт клубтарының) және басқа да мүдделi заңды тұлғалардың қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
       Дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган спорт түрлерi бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командаларының мүшелерiн ресми халықаралық жарыстарға даярлау және қатысу кезiнде бюджет қаражаты есебiнен сақтандыруды жүзеге асырады.
      Ескерту. 31-бап жаңа редакцияда – Қазақстан Республикасының 2003.07.04. N 471 (2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi), өзгерiс енгiзiлдi - 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.07.10. N 181-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
7-тарау. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы
халықаралық қызмет
      32-бап. Халықаралық спорт қызметi    
       Қазақстан Республикасының дене шынықтыру-спорт ұйымдары мен спортшыларының жарыстар ережелерiн және тиiстi халықаралық ұйымдардың жарғыларын сақтай отырып, мемлекет аумағында да, басқа елдерде де өткiзiлетiн халықаралық спорт шараларына қатысуға құқығы бар.
       Ескерту. 32-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР-ның 2009.07.10.  N 181-IV(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

     33-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиадалық комитетi
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиадалық комитетi:
       Қазақстан Республикасында олимпиадалық қозғалысты дамыту үшiн құрылған қоғамдық бiрлестiк болып табылады және өз қызметiн осы Заңға, Қазақстан Республикасының қоғамдық бiрлестiктер туралы заңдарына және Олимпиадалық хартияға сәйкес жүзеге асырады;
       Халықаралық олимпиадалық комитетте Қазақстан Республикасының атынан өкiлдiк етедi;
       дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi органмен өзара iс-қимыл жасау кезiнде жоғары жетiстiктер спортын дамытудың бiрыңғай саясатын жүргiзедi;
       дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсе, спорт түрлерi бойынша республикалық қоғамдық бiрлестiктермен, жергiлiктi атқарушы органдармен өзара iс-қимыл жасай отырып, Олимпиада, Азия ойындарына және Халықаралық олимпиадалық комитет өткiзетiн басқа да халықаралық спорт шараларына қатысу үшiн спорт түрлерi бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларын құру мен қамтамасыз етудi үйлестiредi;
       Дене шынықтыруды және спортты дамытудың мемлекеттiк бағдарламасына сәйкес өзiнiң қаржыландыру көздерi есебiнен өз алдында тұрған жарғылық мiндеттердi орындауды iске асырады;
       Олимпиадалық хартияға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық олимпиадалық комитеттiң олимпиадалық нышандарын, ұранын, туын, әнұранын, "Олимпиадалық", "Олимпиада" деген атауларын пайдалануға меншiк құқықтарын қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асырады.
       2. Олимпиада, Азия ойындарында және Халықаралық олимпиадалық комитеттiң қамқорлығы аясында өткiзiлетiн басқа да халықаралық спорт шараларында Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командаларының өнер көрсетуi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы астында жүзеге асырылады.
      Ескерту. 33-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.07.04. N 471, өзгерту енгiзiлдi - 2009.07.10. N 181-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

       34-бап. Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және
                спорт туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
      Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт туралы заңдарын бұзуға кiнәлi жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
       Ескерту. 7-тарау 34-баппен толықтырылды - ҚР 2003.07.04 N 471 Заңымен.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi