Олимпиада ойындары – барлық елдердің спортшыларын біріктіру, халықтар арасындағы бейбіт өмірді, достықты және өзара түсіністікті паш ету үшін мейірімділік еркіндігін бекіту мақсатында төрт жылдың ішінде бір рет өткізілетін ірі халықаралық жарыс. Осы үлкен спорттық мерекеде барлық ұлттар мен ұлыстар өзінің расалық, діни қатыстылығы немесе саяси бағдарына қарамастан, теңқұқылы жағдайда өз спорттық жетістіктерін көрсету мүмкіндігіне ие болады.
Олимпиада ойындары бір мезгілде спорттық қозғалыстың халықаралық тәжірибесін шоғырландыратын, әрбір тарихи кезеңде спортшылардың дайындығының эталонын көрсететін арена болып табылады. Олар спорттың әр түріндегі басылу мен көтерілуді дәл көрсетіп отырады.
Олимпиада ойындарына спортшыларды таңдау өлшемдері өте қатал, сондықтан Ойындарға қатысудың өзі – спортшылардың одан арғы дене және рухани жетілуіне ынталандыру ретінде болады.
Төменде спортшы-бессайысшылардың метрлер, секундтар, ұпайларды жеңе отырып, жеңістің қуанышы мен жеңілістің күйігінен өте отырып, өз мықтылығын дәлелдей отырып, Олимпиададан Олимпиадаға өткен жолдарын сараптауға тырыстық.