20 ақпан 2013
Палм-Спрингста (АҚШ) 2013 жылғы Әлем кубогының алғашқы кезеңінің ашылу салтанаты өтті. Сөйтіп жаңа маусымның алғашқы үлкен халықаралық турнирі ресми бастауын алды.
Ұлттар шеруін жақында президент Барак Обаманың ұлықтау рәсіміне қатысқан жергілікті Жоғарғы мектеп оркестрі сүйемелдеді. Сонымен қатар салтанат барысында ІІ дүниежүзілік соғыстың қаһарманы, 1912 жылғы офицерлер арасындағы бессайыс бойынша жарыстарының қатысушысы, американ генералы Джордж Паттонның немересі Хелен сөз сөйледі. Жарысты Клаус Шорманн ашты.
Бүгін, 20 ақпанда, ерлер арасында біліктілік жарыстары өтеді.