Афиныдағы ойындардың чемпионы соңғы онжылдық ішіндегі әлем бессайысшыларының ең мықтысы екендігін дәлелдеді.
Сонымен бірге Моисеев - әлемнің үш дүркін чемпионы және Әлем кубогының үш дүркін иегері екендігін атап өту қажет.
«Өткен олимпиадамен салыстырғанда мен өзімді анағұрлым сенімдірек сезіндім. Сонымен қатар Афиныдағы жеңісім кездейсоқ емес екендігін өзіме де, өзгеге де дәлелдедім. Неліктен қытайлық спортшы конкурда менен кейін шықты, ол негізінен алғашқылардың бірі болуы тиіс еді. Бұл әрине нонсенс, мұндай жағдай менің мансабымда бірінші рет болып тұр. Қытайлықтардың спортшылары жеңуі үшін олар бүгін барлық жағдайды жасады. Бірақ олардың қолынан ештеңе келмеді, олар тіпті жүлдегерлер құрамына да іліккен жоқ. Мен бұған кішкене қуандым да, өйткені спорттағы әділдік үшін күресемін. Тіпті семсерлесуде де олар озбырлықпен шаншуларды есептемей, көшбасшыларды бақылап, шаншуға мүмкіндік бермеді, яғни қытайлықтар жеңуі үшін барлық мүмкіндіктерді жасады. Осының бәріне қарамастан, біз жеңіске жеттік »,- деп мәлімдеді марапаттау рәсімінен кейін Моисеев.