Қараша айында Англия мен Черногория арасындағы 2:2 есебімен аяқталған матчта Руни Миодрага Джудовичті соққаны үшін жазаланған болатын. Арбитр бірден Руниге қызыл карточка көрсетті, ал кейіннен УЕФА үш матчқа қатысу құқығынан айыратындығы жөнінде жариялады. Осылайша, 26 жастағы форвард 2012 жылғы Европа чемпионатында Англия құрамасының шведтар мен француздарға қарсы екі алғашқы ойынына қатыспайды, алайда турнирдің топтық кезеңінде Польшамен бірге турнирдің иесі болып табылатын Украинаға қарсы матчқа шыға алады.

Би-би-си-ге берген сұхбатында УЕФА өкілі ағылшын форвардына салынған тыйым тек ұлттық құрамалар деңгейіндегі матчтарға қатысты деп жариялады. Сонымен қатар Руни УЕФА жобалары шеңберінің бірінде тегін бір күнді өтеуі тиіс.

Англия құрамасының тәлімгері Фабио Капелло шабуылшымен бірге үш адамнан тұратын УЕФА комиссиясының алдына келді. Швейцарлық Ньондегі қаралу бір жарым сағатқа созылды.

Жеңілуден кейінгі жеңіс 

Швейцарлық «Базельден» шумен жеңілгеннен бір күн бұрын Рунидің клубы "Манчестер Юнайтед" чемпиондар Лигасының топтық кезеңінен өте алмады. «МЮ» турнир финалына қатысқаннан кейінгі жылда топтан шыға алмаған турнир тарихындағы бірінші клуб.

Англия футбол ассоциациясының жұртшылықпен байланыс жөніндегі директоры Эдриан Бэвингтон Фабио Капелло мен Уэйн Руни қабылданған шешіммен "қанағаттанды" деп мәлімдеді.

Би-би-си футбол сарапшысы Марк Лоренсонның пікірінше, УЕФА-ның бұл шешімі Фабио Капеллоның Руниді Евро-2012-ге міндетті түрде алатындығын білдіреді.

«Англия енді Уэйн Руниді міндетті түрде чемпионатқа алады, дегенмен менің олардың осылай жасайтындығында күмәнім болған жоқ еді. Рунидің қатысуы жөнінде мәселені қою – бұл аргентиндықтардан Әлем чемпионатына Лионель Мессиді алады ма деп сұраумен тепе-тең болар еді. Әрине алады»,- деп жауап Лоренсон.

Егер Руни Евро-2012 матчында шеттетілетін болса, онда ол екі матчқа қатысу құқығынан айрылатын болады, біреуін- автоматты түрде, ал екіншісін УЕФА апелляциялық комиссиясының шешіміне сәйкес оны жарысқа қатысу құқығынан айыру 4 жыл мерзімге шартты болып табылады.