Аргентинаның астанасы Буэнос-Айресте қарашаның 17-сінен бастап 21-іне дейін өткен жасөспірімдер арасындағы қазіргі бессайыс бойынша 43-ші әлем чемпионатында әлемнің түкпір-түкіпірінен 200-ге жуық қатысушы жиналды, соның ішіндегі сегіз спортшы Қазақстаннан. Астаналық бессайысшы Павел Ильяшенко үшін старт сәтті болды – елге ол күміс медальмен оралады.
Қазіргі бессайыстан әлем біріншіліктеріне іріктеу өте қатал өтетіндігін атап өту қажет, сондықтан чемпион атағын алу үшін алдымен өз топтарындағы іріктеуден өту қажет, міне, Астананың жоғары спорттық шеберлік мектебінің тәрбиешісі Павел Ильяшенко да қажетті ұпай санын жинап, осындай іріктеуден өтті.
Басқа қазақстандықтар Дмитрий Кошельник (25 орын), Герман Соболев (26 орын) және Иван Ершов (32 орын) финалға өте алмады.
Семсерлесуде Павел мысырлық Ислам Хамадты алға жіберіп 2-ші болды. Бірақ жүзуде есесін өзі жіберіп қойып, сынақта 23-орын алды. Мұнда алға шыққан жүзуден вице-чемпион және әлем рекордсмені ағылшындық Джеймс Кук болды.
Қазақстандықтың жағдайын түзеткен конкур болды – соңғы старт «комбайнның» (жүгіре отырып ату) алдында 9-орын . Ең жақсы көрсеткіштер мажарстандық Шмек пен Деметрда және ағылшындық Кукта. Соңғысы 5880 ұпай жинап, 2011 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы атағын иеленді. Одан 20 ұпай кем жинаған біздің Павел Ильяшенко күміс жүлдегер, ал жеңімпаздар үштігінің соңғысы Германиядан Александр Нобис болды.

Бұл медаль мен үшін өте маңызды,- деп мәлімдеді жарыстан соң Павел.- Менің бүгінгі нәтижеге көңілім толады. Барлық түрде жақсы орындадым деп есептеймін. Әлем чемпионатындағы 2-орын 2011 жылдың қорытындысын шығарудың мінсіз тәсілі.
Қыздардың ішінде 2 қазақстандық спортшы Арина Жиенбаланова мен Ксения Александрова финалға шыққан болатын, олар 31-ші, 32-ші орындарды иеленді.
Москвада қыркүйек айында ересектер арасында өткен әлем чемпионатында Ильяшенко жалпы есепте 11-ші болған еді, бұл жас спортшы үшін жақсы көрсеткіш болып саналады. Әлемнің Вице-чемпионы құрамамен бірге тек 25 қараша үйге оралады, әрі бірден Ыстық көлдегі оқу-жаттықтыру жиынына кетеді. Желтоқсанның екінші жартысыныда қазақстандық бессайысшылар Алматыда Қазақстан кубогында кездеседі. Ал келесі жылдан бастап Павел Ильяшенко өзінің құрама бойынша жолдастары Рустем Сабирхузин және Андрей Солдатовпен бірге (3-еуі де Астанадан) Әлем кубогының лицензиялық кезеңдеріне дайындалатын болады.
Егор Ильин