Астаналық «Қазақстан» спорт кешенінде Қазақстандық қазіргі бессайыс федерациясының жүзу бойынша ашық біріншілігі аяқталды.
Сайыстың алғашқы күні жас спортшылар еркін стильде (200 және 100 метр) жарысса, бүгін олар еркін стильде эстафета (4х100 м және 4х50 м), сондай-ақ 200 және 100 метрге кешенді жүзу бойынша сайысқа түсті.
Біріншіліктің соңғы күні ең жоғары көрсеткіштердің бірін көрсеткен қазіргі бессайыс өкілі Ольга Бойко болды. Кеше 16 жасар жас спортшы, Екатерина Руденкодан кейін екінші болып мәреге жетсе, бүгін кешенді жүзуден оған теңесер болмады.
- Негізінен, мен бұдан да жоғары көрсеткіш көрсете алар едім. Бірақ мен бұған да ризамын. Біз жақын арада Ыстықкөлге жаттығуға барамыз. Ол жақта бізді күрделі жұмыс күтуде, желтоқсан айында өтетін қазіргі бессайыс бойынша Қазақстан кубогында біз жақсы көрсеткіш көрсетуіміз тиіс. Бұл біздің негізгі бастамамыз болмақ. Ал кеше және бүгінгі күні біз сайыс тәжірибесін жинақтадық,- деп sk-sport.kz порталының тілшісіне пайымдады Ольга.
- Демек сіз кешегі екінші орыннан кейін өзіңіз үшін қорытынды шығардыңыз ба? Әлде бүгін сайысқа Руденко қатыспағандықтан ғана мәреге бірінші болып келдіңіз ба?
- Бәлкім, солай да шығар, себебі Катя – өте мықты бәсекелес. Лондондағы Олимпиада қатысушысы. Катядан кейін екінші болудың өзі құрмет.
- Алдағы Қазақстан кубогында нешінші орынға ие болмақсыз?
- (Күлімсірейді) Менің қазіргі бессайысқа келгеніме тек төрт ай өтті. Сондықтан үйренетінім көп. Ал жүзу бойынша, әрине, ең жоғары уақыт көрсетуге тырысамын.
Қорытынды күн нәтижелері:
200 метрлік кешенді жүзу
1998 жылы туған және одан жасы үлкен қыздар
1. Ольга Бойко – 2.36,56
2. Ксения Онуфриенко – 2.42,92
3. Меруерт Ахметжанова – 2.47,56
1998 жылы туған және одан жасы үлкен ұлдар
1. Дмитрий Гордиенко – 2.12,16
2. Михаил Никульшин – 2.15,85
3. Риат Жумагулов – 2.21,82
1999-2000 ж.т. қыздар
1. Айгерим Искакова – 2.42,03
2. Диана Таурбаева – 2.50,22
3. Азиза Узденбаева – 2.53,43
1999-2000 ж.т. ұлдар
1. Тимур Абжанов – 2.41,46
2. Жарысхан Омаров – 2.41,97
3. Николай Приходько – 2.44,56
100 метрлік кешенді жүзу
2001 ж.т. қыздар
1. Татьяна Таратайченко – 1.41,16
2. Нафуза Турлыбек – 1.43,71
3. Томирис Сейтжапарова – 2.05,87
2001 ж.т. ұлдар
1. Антон Клеванов – 1.24,51
2. Даниил Хейдбек – 1.35,69
3. Адильхан Булатов – 1.36,85
2002 ж.т. және жасы одан төмен қыздар
1. Дарья Ганинец – 1.41,94
2. Маргарита Белькова – 1.56,03
3. Зарина Ибраева – 1.59,43
2002 ж.т. және жасы одан төмен ұлдар
1. Леонид Смердов – 1.35,37
2. Даниил Хачатрян – 1.45,66
3. Думан Есенгали – 1.49,16
4х100 м еркін стиль эстафетасы
1. Влад Сухарев, Ольга Бойко, Антон Кушнирчук, Диана Иванова
4х50 м еркін стиль эстафетасы
1. Ерасыл Сабыржанов, Михаил Думшас, Камаль Шевердиев, Олег Крамаренко