Рустемнің фамилиясы алдыңғы тізімде болмағандықтан, Қазақстанның ерлер құрамасының тәлімгерлері осы сәтті тағатсыздана күткен болатын. Олардың алдын ала есептеулері бойынша, ол тізімге ілігуі тиіс еді. Біздің атлет қытайлық Чэндуде өткен Азия чемпионатында мықтылар бестігіне 1-тұғырдан кіре алмады. Енді Сабирхузин Лондонға өзінің 3-ші олимпиадасына баратын болды. 113 рейтингтік бал (33-орын)оның оң нәтижеге жетуі үшін жеткілікті болды. Біздің команда үшін олимпиадаға іріктеу ережесі тиімді болып табылды, өйткені жарысқа әр елден тек 2 спортшы ғана бара алады. Осыған орай итальяндықтар мен ресейліктер 4 квалификацияланғанның тек 2-уін ғана қалдыруға мәжбүр болды. Осылайша, Қазақстанның ерлер құрамасы лицензияның толық квотасына қол жеткізді. Бұған дейін Павел Ильященко жолдама алған болатын.
27 маусым 2012