ГУЙЯН (Қытай), 2026 жылғы 24–30 тамыз — Гуйянда қазіргі заманғы бессайыстан UIPM әлем чемпионаты өтіп жатыр. Биыл турнирге 51 елден спортшылар жиналды.

Қазақстан құрамасы стартқа екі апталық оқу-жаттығу жиынынан кейін келді. Команда үшін әлем чемпионаты маусымның басты старты — Айти-Нагоядағы (Жапония) Азия ойындары алдындағы қорытынды сынақ болады.

Құрама құрамы: ерлер

  • Темірлан Әбдірайымов
  • Данил Богданов
  • Тихон Варёхин
  • Кирилл Стадник
  • Лев Чувашов

Құрама құрамы: әйелдер

  • Аяна Қазбекова
  • Юлиана Петрова
  • Ярославна Понер

Жаттықтырушылар штабы

  • Сергей Туробов
  • Александр Селецкий
  • Герман Соболев

Әлем чемпионатының жарыс кестесі

  • Дүйсенбі, 24 тамыз — әйелдер эстафетасы, ерлер эстафетасы
  • Сейсенбі, 25 тамыз — аралас эстафета
  • Сәрсенбі, 26 тамыз — ерлер квалификациясы
  • Бейсенбі, 27 тамыз — әйелдер квалификациясы; ерлер арасында семсерлесу бойынша іріктеу кезеңі
  • Жұма, 28 тамыз — ерлердің жартылай финалы A (07:00) және B (10:30); әйелдер арасында семсерлесудің бірінші айналымы
  • Сенбі, 29 тамыз — әйелдердің жартылай финалы A (07:00) және B (10:30)
  • Жексенбі, 30 тамыз — ерлер финалы (07:00); әйелдер финалы (10:30)

Құрама құрамында соңғы Қазақстан чемпионатының жүлдегерлері бар: елдің қазіргі чемпионы Темірлан Әбдірайымов, күміс жүлдегер Тихон Варёхин, қола жүлдегер және юниорлар арасындағы Қазақстан чемпионы Данил Богданов.

Құрамамызға сенімді старт пен жоғары нәтижелер тілейміз!

Федерацияның бас серіктесі — Samruk Kazyna, серіктесі — SportQory туризм және спорт индустриясын қолдау қоры.