24 наурыз 2013
Қазақстандық Павел Ильяшенко бразильдік Рио-де-Жанейро қаласында өткен қазіргі бессайыс бойынша Әлем кубогының екінші кезеңінде 26 орынға ие болды.
Ильяшенко барлық жаттығулардың қорытындысы бойынша жарыс жеңімпазы венгр Адам Маросидан 416 ұпайға кем, 5352 ұпай жинады. Екінші болып Латвия өкілі Денис Черковскис (5716), үшінші – француз Валентин Прадес (5660). Бірінші кезең жеңімпазы Александр Лесун тек 27 орынға ғана ие болды.
Естеріңізге салсақ, американдық Палм-Спрингсте өткен Әлем кубогының бірінші кезеңінде қазақстандық 10 орынға ие болған.