КАУНАС (Литва), 2026 жылғы 3 тамыз — Қазақстанның юниорлар құрамасы қазіргі заманғы бессайыстан әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады.
Қазақстан намысын алты спортшы қорғады: Даниил Ким, Данил Богданов, Айтас Садыр, Степан Варёхин, Юлиана Петрова және Әнел Исабаева.
Жеке есеп: ерлер
Ең үздік нәтижені 17 жастағы Степан Варёхин көрсетті. Ол квалификациядан өтіп, жартылай финалға шықты, 1461 ұпай жинап, 32-орынды иеленді. Даниил Ким (53-орын), Данил Богданов (57-орын) және Айтас Садыр (82-орын) жарысты квалификация кезеңінде аяқтады.
Жеке есеп: әйелдер
Юлиана Петрова (44-орын) мен Әнел Исабаева (54-орын) жарысты квалификациялық кезеңде аяқтады.
Эстафеталық жарыстар
- Ерлер эстафетасы: 7-орын — Степан Варёхин мен Даниил Ким (1386 ұпай).
- Аралас эстафета: 8-орын — Юлиана Петрова мен Данил Богданов (1306 ұпай).
- Әйелдер эстафетасы: 11-орын — Юлиана Петрова мен Әнел Исабаева (1076 ұпай).
Федерацияның бас серіктесі — Samruk Kazyna, серіктесі — SportQory туризм және спорт индустриясын қолдау қоры.





