02 тамыз 2026
КАУНАС (Литва), 2026 жылғы 23–29 шілде — Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы қазіргі заманғы бессайыстан U17 әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады.
Жеке есеп: ұлдар
Тамирлан Төлегенов пен Хамза Берік U17 санатында квалификациядан өтіп, финалға шыққан Қазақстанның жалғыз өкілдері болды — 23-ші және 25-орындар. Нұрғали Өмірсерік жарысты квалификациялық кезеңде аяқтап, 58-орын алды.
Жеке есеп: қыздар
Қыздар құрамасы — Яна Беспалова, Сабина Ахмедина, Диана Гренц және Ажар Болат — финалға шыға алмай, тиісінше 45-ші, 47-ші, 48-ші және 64-орындарды иеленді.
Эстафеталық жарыстар
- Ерлер эстафетасы: 6-орын — Хамза Берік пен Тамирлан Төлегенов (1336 ұпай).
- Әйелдер эстафетасы: 12-орын — Сабина Ахмедина мен Яна Беспалова (1119 ұпай).
- Аралас эстафета: 13-орын — Яна Беспалова мен Тамирлан Төлегенов (1231 ұпай).
Федерацияның бас серіктесі — Samruk Kazyna, серіктесі — SportQory туризм және спорт индустриясын қолдау қоры.





