АЛМАТЫ — Жапонияда өтетін XX жазғы Азия ойындары қарсаңында Республикалық спорт колледжінде қазіргі заманғы бессайыстан Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасының салтанатты шығарып салу рәсімі өтті.

Маңызды спорттық шара жылдың басты құрлықтық жарысындағы жауапты старт алдында спортшыларды, жаттықтырушыларды және спорт саласының өкілдерін біріктірді.

Рәсімнің қонақтары

Іс-шараға қазіргі заманғы бессайыс федерациясының Президенті Жәркеев Арман Күншіғарұлы, Республикалық спорт колледжінің директоры Байрамұқов Ислам Ілиясұлы, сондай-ақ қазіргі заманғы бессайыстан Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Зимарев Леонид Олегович қатысты.

Азия ойындарындағы құрам

Алдағы Азия ойындарында Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар.

Ерлер құрамасы

  • Әбдірайымов Темірлан
  • Варёхин Тихон
  • Стадник Кирилл
  • Чувашов Лев

Әйелдер құрамасы

  • Қазбекова Аяна
  • Петрова Юлиана
  • Щедрова Диана

Жаттықтырушылар құрамы

Спортшыларды жауапты стартқа құраманың жаттықтырушылар құрамы дайындайды:

  • Рянзин Егор
  • Селецкий Александр
  • Соболев Герман
  • Туробов Сергей

Спортшыларды алда күрделі күрес, жоғары бәсекелестік және Қазақстанды халықаралық аренада таныту мүмкіндігі күтіп тұр.

Әрбір старт жаңа жетістіктерге бастар қадам болсын, ал Қазақстан туы құрмет тұғырында мейлінше жиі көтерілсін.

Федерацияның бас серіктесі — Samruk Kazyna, серіктесі — SportQory туризм және спорт индустриясын қолдау қоры.