Бүгін «Қазанат» атшабарында өткен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы өз тарихында бірінші рет Азия чемпионатының алтын жүлдесін еншіледі.

 Павел Ильяшенконың  шешуші жаттығу – комбайн (жүгіру + лазерлі пистолеттен ату сайысы) жарысындағы жеңісі Қазақстан құрамасының жеңіске жетуіне өз септігін тигізді.

Бүгін астаналық атшабарда Қазақстан Әнұраны екі мәрте шырқалды. Біріншісінде жекелей сында Азия чемпионы атанған Павел Ильяшенконың құрметіне шырқалса, екінші рет командалық сында құрлықтық біріншіліктің алтын жүлдесіне жеңіп алған Қазақстан құрамасының құрметіне ойнатылды.

sk-sport.kz

Суреттің авторы: Даурен Мухамеджанов